- Advertisement -

Сегіз жерлесіміз чемпион

116

- Advertisement -

Тараз қаласындағы №6 бокстан мамандандырылған спорт мектебінде кикбоксингтен 2002-2003 жылдары дүниеге келген жастар және кадеттер арасында Қазыбек Бек Тауасарұлы атындағы дәстүрлі халықаралық турнир өтті. Бұл аламанға Өзбекстаннан, Қырғыз республикасынан және еліміздің барлық облыстарынан 300-ден астам спортшы қатысып, 20 салмақ дәрежесі бойынша өзара кім мықтыны анықтады.
Кейбір салмақта бір салмаққа екі алтын жүлдеден белгіленді. Мәселен, 42 килограмм «а» салмақта ақтаулық Ақжол Қосыбай чемпион атанса, 42 килограмм «б» салмақта түркістандық Нұрсұлтан Құралов алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ, 45 килограмм «а» салмағында шымкенттік Нұрдәулет Сейітжан, 48 килограмм салмақ дәрежесінде атыраулық Айдын Кенжебай, 54 килограмм салмақта қырғыз спортшысы Назар Бүркітбаев, 57 килограм салмақта атыраулық Айбек Шомбалов, 67 килограмм салмақ дәрежесінде түркістандық Лазизбек Ғафуржанов, 67 килограмнан жоғары салмақта атыраулық Жандарбек Жексенбай қарсыластарының бәрін ұтып, жеңістің ең биік тұғырына көтерілді. Бірқатар салмақ дәрежелерінде Қырғыз республикасынан, Нұр-Сұлтан қаласынан, Атыраудан келген спортшылар қарсылас шақ келтірмеді.
Айтулы аламанда жамбылдық спортшылар да жарады. Жерлестеріміз бұл турнирде 8 алтын, 3 күміс, 4 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте жеке дара көш бастады. Атап айтқанда 45 килограмм «б» салмақта Бекжан Ермек, 51 килограмда Тимур Қаратаев, 60 килограмда Мұса Мерзиев (Азия чемпионы), 51 килограмда (Фулл-контакт) Әлішер Асылбеков, 57 килограмда(Фулл-контакт) Ернар Бектөре, 60 килограмда Инаят Жолдасов, 63,5 килограмда Нұрислам Сағындықов, 63,5 килограмда Жанғазы Сейітқазиев алтыннан алқа тағынып, мерейлері үстем болды. Өз салмақ дәрежелерінде Нұржігіт Дариябек, Нұрлан Қасқырбаев, Ерлан Әуесханов күміс жүлде, Нұрдәулет Бибосынов, Бексұлтан Амангелдиев, Бауыржан Дүйсенов, Дархан Мейірбек қола жүлде алып қуантты.
Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық кикбоксинг федерациясы және кикбоксинг жанашыры Абдірахман Қыдыралиев үлкен үлес қосқанын айта кеткен жөн.
Барлық салмақ бойынша чемпиондар мен жүлдегерлер марапатталып, алтын, күміс, қола медальдарға, арнайы кубок пен дипломдарға ие болды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support