Бенинде Норвегия кемесінің теңізшілерін қарақшылар кепілге алды


Бенинде Норвегия кемесінің теңізшілерін қарақшылар кепілге алды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бенин маңында Норвегияның MV Bonita кемесіне қарақшылар шабуылдап, 9 теңізшісін тұтқындады. Бұл туралы экипаждың қалған мүшелері жергілікті билікке мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап.

JJ Ugland компаниясына тиесілі кеме Котону қаласының портында тұрған кезде шабуыл жасалған.

«Біз төтенше жағдайдағы шаралар жоспарына сәйкес әрекет етіп отырмыз, тиісті ведомстволармен байланыстамыз. Тұтқынға алынған теңізшілердің отбасына құлағдар еттік», — деп мәлімдеді компания өкілдері.

Батыс Африканың кей өңірлерінде ақша талап ету үшін адамды кепілге алу кең тараған жағдай. Тамызда Камерун жағалауында да қарақшылар MarMalait кемесінің сегіз теңізшісін тұтқындаған.

Жалпы, Халықаралық теңіз бюросының мәлімдеуінше, былтыр халықаралық суларда 201 қарулы қарақшылық болып, адамдар ұрланған.

kazinform.kz

Comments are closed.

https://4store.com.ua/