- Advertisement -

Жамбыл облысы ірі сенбілік өткізді

82

- Advertisement -

Шараға облыс басшысы Асқар Мырзахметов бастаған барлық орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, ардагарлер кеңесі және өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.

Сурет : Жамбыл облысы12 Қазан 2019, 16:37

Бүгін республикалық көгалдандыруға бағытталған сенбілікке жамбылдықтар да белсене атсалысты. Шараға облыс басшысы Асқар Мырзахметов бастаған барлық орынбасарлары, аудан әкімдері, басқарма басшылары, ардагарлер кеңесі және өзге де ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері қатысты.

Облыс бойынша барлығы 18466 адам 18880 көшет отырғызды. Оның ішінде, қарағай, шырша, қарағаш, арша, терек, емен, шетен, айлант секілді ағаш түрлері бар. Сенбілік өңірдегі 98 елдімекенді қамтыды.

Айта кетейік, аймақ басшысы Асқар Мырзахметов тал егу акциясына облыстың шалғай ауданы-Мойынқұмнан қатысты. Онда мойынқұмдық жастар мен қызметкерлермен бірге «Жаз Ата», «Жасыл ел» саябақтарына тал егіп, шараға қарқынды үлес қосты. Аталған акция аясында облыс әкімі Асқар

Мырзахметов және Мойынқұм ауданы әкімі Мәден Мұсаев туя, емен, терек ағаштарын отырғызып, игі істің маңыздылығын туралы тоқталып өтті.

Бүкіләлемдік жасыл желек отырғызу күніне орайластырылған шара облысымыздың барлық аудандарында да жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

zakon.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support