- Advertisement -

Елдос Сметов шеберлік сағатын өткізді

86

- Advertisement -

Дзюдо күресінен Рио-до-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов облыстық Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернатында мұғалімдер және оқушылармен кездесті. Облыс әкімдігі білім беру басқармасының ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен іс-шараны аталған орталықтың директоры Аманғали Жартыбаев сөз сөйлеп ашып, Олимпиада жүлдегерінің жетістіктеріне, биік мақсатқа жету жолындағы ізденісіне тоқталды.
Мұнан соң Елдос Сметов спорттық жолындағы қызықты сәттер мен қиындықтар жайлы ағынан жарылып әңгімелеп берді. Жалпы, спортты серік еткен барлық адам чемпион болуды армандайтынын, алайда үнемі сәттілік бола бермейтінін де тіліне тиек етті. Сондай қиналған сәтінде өзіне қолдау білдірген бапкерлеріне, ата-анасына, достарына алғысын білдірді.
Олимпиада жүлдегері осында дзюдо секциясына қатысатын оқушыларға шеберлік сағатын өткізуді де ұмытпады. Себебі, мұндағы спорт залы жабдықталып, жақында белбеу күрес залы ашылған болатын. Оқушы талапкерлер Елдос Сметовтің шеберлік сабағынан үлкен әсер алды. Бәрінің көңілінде: «Келешекте Елдос аға секілді болсам» деген асқақ арман тұрғаны анық еді.
Іс-шараны Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернат директоры Эльмира Жақсылықова қорытындылап, балаларға үлкен қуаныш, жақсы көңіл күй сыйлаған Елдос Сметовке алғысын айтып, алдағы Олимпиада да жеңіске жете беруіне тілектестік білдірді.

 Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support