- Advertisement -

Өткен күнде белгі бар

30

- Advertisement -

Міржақып Дулатұлы «Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп, не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туатынына көзі жетпейді» деген екен.
Бұл тұрғыда бүгінгі жастарға өткенге құрмет, болашаққа бағдар беру – аса маңызды іс.
Осындай қағиданы ұстанған «Айрықша тәуекелді ардагерлер мен мүгедектер» қоғамдық бірлестігі Семей полигонының жабылғанына 28 жыл және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 75 жыл толуына орай мектеп оқушылары арасында Ұлттық спорттық ойындар мен әскери-патриоттық туындыларды мәнерлеп оқудан жарыс өткізді.
Қоғамдық бірлестік төрағасы Нұрбол Пісібаев «Семей – жүректегі жазылмайтын жара» тақырыбында баяндама оқып, оқушыларды тарихты тануға, ел басынан өткен небір сұрапыл жылдарды есте сақтауға, сол қиындықтың бәріне төтеп беріп, бүгінгі ұрпақтың бейбіт күн кешуі жолында жанын құрбан еткен ерлерге тағзым етуге шақырды. Облыстық білім басқармасы «Ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының» аға ғылыми әдіскері Ізбасар Есболов та өскелең ұрпаққа ата-баба ерлігін үлгі етіп, патриоттық рухта құттықтау сөз сөйледі.
Т.Рысқұлов ауданынан келген Семей полигонының ардагері Асқар Оспанов, Семей қаласының тұрғыны, Семей полигонының ардагері Назгүл Шәйменқұлова тарихи кезеңді қалай бастарынан өткергенін еске алып, толғана әңгімелеп берді.
Оқушылар өз кезегінде ардагерлерге ән мен биден шашу шашып, өнерлерін паш етті.
Шара соңында облыс әкімдігінің №4 «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» орталығының мамандары мүмкіндігі шектеулі 90 балаға арнайы сыйлықтар табыс етті.

 

Маржан РАҚАЙ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support