- Advertisement -

Айқайларынан шошып оянамыз

35

- Advertisement -

тараз қалалық коммуналдық қызмет мекемелерінің назарына!

Қалада тұрған соң барлығымыз коммуналдық қызмет түрлерін пайдаланамыз. Жылу, газ, су, электр қуаты секілді қызметтерді тұтынған соң, ақысын төлеуіміз керек. Құп делік, қызмет көрсетілді. Ал соған ақы төлеуге келгенде, біреу оған жауапкершілікпен қарайды, енді біреулер айлап, жылдап төлемей жүреді. Оның өз себебі бар шығар, бірақ…
Айтайын дегенім, соңғы бір-екі жылда облыс орталығында коммуналдық төлемдерді жинау елдің басын ауыртатын жағдайға айналды. Иә, тура мағынасында солай. Қаланың басқа жерлерін қайдам, ал ықшам аудандарда жылдың әр сенбі, жексенбі күндері тұрғындарға тыныштық жоқ. Таң атқаннан қолдарына дыбыс зорайтқыш ұстап алып, коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің өкілдері төлем жинауға кіріседі. Дауыстарының ащылығы сонша, бесікте жатқан бала шошып оянады. Әсіресе жаздыгүні, өйткені көп қабатты үйлердің терезелері тәулік бойы ашық тұрады. Басында уақытша шығар деп ойладық. Бірақ бұл бассыздық жыл – он екі ай тыйылмай, әр жеті сайын қайталанып келеді.
Көрсетілген қызметке төлем жинағаны дұрыс-ақ. Алайда оны неге тұрғындардың мазасын алып жасауы керек? Апта бойы жұмыс істеген кісінің ең болмаса тиісті демалысында демалуға құқы бар шығар. Төлемдерді тұрғындардың тыныштығын бұзып жинауға бола ма? Елдің барлығы бірдей оларға қарыз емес қой. Олай болса, көпшіліктің мазасын қашырмаған абзал. Қажет болса, қарызы бар пәтерлерді аралап, өздерімен бетпе-бет сөйлессін. Тіпті болмаса, жаза қолдансын. Тұрғындардың не кінәсі бар?
Міне, осы мәселеге ұсақ-түйек деп қарамай, қала басшысы, тиісті мекемелер мен құзырлы орындар назар аударса екен.

Күлімхан АЙДАРЛИНА,
қала тұрғыны.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support