- Advertisement -

Данияр Елеусіновтің кезекті кездесуі Нью-Йоркте өтеді

28

- Advertisement -

Данияр Елеусіновтің кезекті кездесуі Нью-Йоркте өтеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО), келесі жекпе-жегінің ресми анонсы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы Twitter желісіндегі аккаунтында Matchroom Boxing промоутерлік компаниясы мәлім етті.

Айқас 13 қыркүйек күні Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден»-де өтеді. Елеусіновтің бұл жолғы қарсыласы — 34 жастағы америкалық боксшы Решард Хикс(12-0-1, 6 КО). Жекпе-жек он раунд форматында өтеді.

Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаевтың (11-0, 7 КО) кездесуі кештің басты оқиғасы атанады.

Еске салайық, 25 мамырда өткен соңғы жекпе-жегінде Елеусінов төрешілердің шешімімен чилилік Лус Норамбуэнаны (3-4-1, 0 КО) жеңген еді.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support