- Advertisement -

Ашық аспан астындағы акция

73

- Advertisement -

Апта сайын Тараздың саябақтарында тұрғындарға арналған іс-шаралар өткізу дағдыға айналды. Мұның өзі жаздың ұзақ кешінде шаһарлықтардың бос уақытын әсерлі өткізуге мүмкіндік береді. Игі шараның бірі ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта да ұйымдастырылды. Облыстық «Кино орталығы» мекемесінің ұйытқы болуымен ашық аспан астындағы «Кино әлемі» акциясы осы саябақтан бастау алды. Шараның ашылуында мекеме директоры Сайлаубек Лесбаев сөз сөйлеп, көпшілікті ашық аспан астында апта сайын кино көруге шақырды.
Келесі сәтте облыстық филармония әншілері Лаура Бексұлтанова, Дамира Мұзатова және Ақерке Нұрғали, Ақнұр Нұржанқызы әннен шашу шашты. Әдемі би мен әсерлі ән көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Мұнан соң «Менің Астанам» атты хроникалық фильм және «Ерлік» көркем фильмі көрермендер назарына ұсынылды.
Енді аптаның жұма, сенбі күндері аталған саябақта ашық аспан астында көркем фильм және балаларға арналған қызықты шығармалар көрсетілетін болады. Олардың ішінде көпшілік жылы қабылдаған «Саған күшік керек пе?», «Құрақ көрпе», «Аңшы бала», «Бәйтерек», «Әкем екеуміз» көркем фильмдері бар. Сондай-ақ бірқатар орыс тіліндегі фильмдер де көрермен назарына ұсынылады.
Бұл акция тамыз айының соңына дейін жалғасатын болады.

Е.Жаңабайұлы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support