Халық бірлігінің мерекесі

Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймыз!
Бұл – көктем мен еңбектің, татулық пен ынтымақтың, келісім мен бірліктің шынайы мерекесі. Бұл – елімізде өмір сүріп жатқан барлық ұлттар мен ұлыстардың достығын паш етіп, ынтымағын ұйыстыратын, халқымыздың Ұлы Отанға деген мәңгілік сүйіспеншілігін ұлықтай түсетін күн.
Туған еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы тарихи табыстары мен жетістіктеріне халықтар ауызбірлігінің арқасында, ортақ парызды биік қоюдың нәтижесінде қол жеткізіліп отырғаны белгілі. Ел егемендігін алғалы бері бір шаңырақтың астына біріккен барша отандастарымыз Қазақстанның өсіп-өркендеуі мен гүлденуіне қажырлы еңбектерімен және азаматтық белсенділігімен талмай үлес қосып келеді. Осынау ұлттық игілігімізге айналған азаматтық татулық пен этносаралық келісімді сақтау – жалпыұлттық міндет болып қала бермек.
Бүгінде еліміздегі әр ұлт пен ұлысқа өз салт-дәстүрлерін, мәдениетін, тілі мен дінін сақтап, олардың көзқарастары мен болмыстарын құрметтей отырып, нығайтуға барлық жағдай жасалынған. Осының арқасында елімізде саяси тұрақтылық қалыптасып, өркениетке қарыштап қадам басып келеді. Мұның барлығы да тағдыры ортақ, Отаны бір халқымыздың келешегі, ұрпағымыздың болашағының жарқын кепілі.
Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесіне орай бүгінгі ортақ міндет – болашағы біртұтас ұлт қалыптастыруға, өңірдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына белсене атсалысып отырған облысымыздың барлық этнос өкілдерінің оң ұстанымдарын ерекше атап өткім келеді. Жамбылдықтар да барша қазақстандықтар сияқты ұлы мақсаттарға қол жеткізу жолында жұмыла еңбек ете беретініне сенімдімін.
Қадірлі жерлестер!
Ел бірлігі мерекесі құтты болсын! Баршаңыздың отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке, қуаныш пен шаттық тілеймін!
Тәуелсіз еліміздің мәртебесі биік болып, мерейі өсе берсін! Қазақстан халықтарының бірлігі нығая берсін. Елдігіміз еңселі, мемлекеттігіміз мәңгі болсын!

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ,
облыс әкімі.

Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ,
облыстық мәслихаттың хатшысы.

Comments are closed.

https://4store.com.ua/