- Advertisement -

Олимпиада ойындарын қазақстандық үш телеарна көрсетеді

83

- Advertisement -

Бразилияда жалауын көтеретін төрт жылдықтың басты додасы Риодағы Олимпиада ойындарын отандық үш телеарна көрсететін болады. Бұл туралы арна басшылары бүгін Орталық коммникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 Олимпиада ойындарын көрстеу құқығы Dentsu.inc компаниясына тиесілі. Бұл медиаxолдинг қазақстандық «Хабар», «Қазақстан», «Kazsport» арналарына Олимпиада ойындарын елімізде тарату құқығын сеніп тапсырып отыр.

«Көрермендеріміздің әлемдегі ең маңызды спорт шарасын көру мүмкіндігіне ие болуы және спортшыларымызға қолдау білдіруі біз үшін өте маңызды. «Хабар» арнасы ойындарды 100 сағаттан астам уақыт көрсетуді жоспарлап отыр. Оның ішінде шараның ашылу және жабылу салтанаты бар. Біздің арнада негізінен бокс, ауыр атлетика, жеңіл атлетика, велоспорт, дзюдо, таэквондо, гимнастика, суда жүзу, баскетбол, волейбол секілді спорт түрлері көрсетіледі. Риодағы ойындарды жедел әрі шапшаң көрсету үшін екі бірдей түсіру тобы аттанады», — дейді «Хабар» арнасының директоры Ринат Кертаев.

«Kazsport» телеарнасының басшысы Павел Цыбулин алғаш рет тікелей студиялық бағдарлама жасалатынын айтып отыр.

«Алғаш рет Олимпиададан тікелей эфирде студиялық бағдарлама жасалады. Студияға еліміздің спортшылары, жаттықтырушылары, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің жетекшілері шақырылады. Олимпиада ойындары аяқталған соң арнамыз деректі фильм түсіреді», — дейді П.Цыбулин.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support