«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Екінші деңгейлі банк Цифрлық нотариат қызметін іске қосты

Екінші деңгейлі банк Цифрлық нотариат қызметін іске қосты
Әділет министрлігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі «Банк Центр Кредит» АҚ-мен бірлесе отырып, bcc.kz мобильді қосымшасында жаңа «Цифрлық нотариат» қызметін іске қосты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz

Жаңа сервис азаматтарға нотариаттық қызметтерді толық онлайн түрде алуға мүмкіндік береді. Бұл – жедел, ыңғайлы және заңды күші бар рәсім.

Енді сенімхат рәсімдеу, нотариустың нотариаттық келісім алу немесе нотариустан кеңес алу – тікелей смартфон арқылы кезекке тұрусыз, жол жүрмей, қағазбастылықсыз жүргізіледі. Өтініш беру, төлем жасау және дайын құжатты алу кезеңдерінің бәрі қосымшада жүзеге асады. Жеке басты растау үшін нотариуспен бейнеқоңырау қарастырылған, ал құжаттар ЭЦҚ арқылы қол қойылып, автоматты түрде «Цифрлық құжаттар» бөлімінде сақталады.

«Цифрлық нотариат енгізу – азаматтар мен нотариустар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдететін және бюрократияға жол бермейтін маңызды қадам. Бұрын азаматтар нотариусқа барып, жеке басын растауы керек болса, енді бұл талап байнебайланыс арқылы орындалады. Жоба іске қосылғалы бері 350 мыңға жуық нотариаттық қызмет көрсетілді. Қызметке деген жоғары сұраныс пен қажеттілікті ескере отырып, біз бұл жобаны Банк Центр Кредит платформасында кеңейтіп отырмыз. Бұл – технологиялардың халық игілігі үшін жұмыс істеп жатқанының жарқын мысалы» - деп атап өтті Әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков.

Жаңа сервис әсіресе, шетелде немесе нотариаттық қызметтер шектеулі шалғай өңірлерде тұратын қазақстандықтар үшін өте пайдалы. Енді маңызды заңдық мәселелерді кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінде отырып, жылдам әрі оңай шешуге болады.

Жаңа қызметті пайдалану үшін bcc.kz мобильді қосымшасын ашып, «Мемлекеттік қызметтер» бөліміне кіріп «Цифрлық нотариат» бөлімін таңдау жеткілікті.

Ұқсас жаңалықтар