Қоғам
«Алматы – Петропавл» бағыты бойынша әуе рейсінің бағасы төмендейді
- author «Ақ жол»
- 19 мамыр, 2025
- 1.3k
«Алматы – Петропавл» бағыты бойынша рейстер 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізге ауысады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Көлік минстрлігінің ресми мәліметінше, Алматы – Петропавл бағыты бойынша субсидияланған әуе рейстерінің бағдарламасы сәтті аяқталып, рейс жүктемесі өзін-өзі ақтады. Бұл бағыт 2025 жылғы 1 шілдеден бастап коммерциялық негізде орындалады.
Билет құны бір бағытқа 30 000 теңге болды. Коммерциялық модельге көшуіне байланысты билет бағасы 15 270 теңгеден басталмақ (тариф пен сатып алу уақытына байланысты құны өзгеріп отырады).
Айта кету керек, рейстердің жиілігі сақталады. SCAT әуе компаниясы аптасына бес рет рейс орындайды, ұшу ұзақтығы — екі сағат.
Жолаушыларға тиімді тарифтермен билет алу үшін оларды алдын ала брондауды ұсынады.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




