- Advertisement -

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға коронавирус туралы SMS таратып жатыр

84

- Advertisement -

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға коронавирус туралы SMS-хабарлама таратып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада жеке гигиена ережелері туралы нұсқаулар және коронавирусқа қарсы негізгі ұсыныстар жазылған. «Коронавирустың алдын-алу: қолыңызды жиі жуыңыз, қоғамдық орындарға бармаңыз, ауру адамдармен (ЖРВИ) байланысқа түспеңіз. ЖРВИ белгілері кезінде 103 нөміріне, сұрақтар бойынша 1406 нөміріне қоңырау шалыңыз», — делінген министрліктің алғашқы хабарламасында.

Соңғы мәлімет бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырудың алты дерегі тіркелді, оның төртеуі — Алматыда, Нұр-Сұлтанда — екі жағдай. 1425 адам стационарлық карантинде, 496 адам үй карантинінде.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support