- Advertisement -

АКЦИЯҒА АТСАЛЫСУШЫЛАР КӨБЕЮДЕ

92

- Advertisement -

Игі бастамамызға үлес қосып, кітапсүйер қауымның алғысына бөленгісі келген жандар қатары күннен-күнге артуда. Өткен апта ішінде тараздық Махан Көдеков ақсақалымыз 200-ге жуық, ал ТарГПУ гуманитарлық ғылымдар жоғары мектебі «Әлем тілдері» кафедрасының 2-курс студенті Іңкәр Тұрғұмбек басы артық 120 кітапты редакциямызға сыйға тартты.
Газетіміздің байырғы оқырманы, 20 жылдан астам бас бухгалтер болып еңбек еткен Махан ақсақалымыз:
– Кемпірім қырық жылдан астам уақыт қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болған еді. Мына кітаптардың барлығын сол жинаған. Бірер жыл бұрын ол қайтыс болды. Қазір енді үйде мына кітаптарды кәдеге жаратып, оқып жатқан ешкім жоқ. Өзім де кезінде біразын оқығанмын. Қазір тек газет болмаса, кітап оқуға көзім жарамайды. Енді басқа кітапқұмарларға сауабы тигені дұрыс болар, – деді әдебиеттерді ұсынып тұрып.
Ал Іңкәр Тұрғұмбек өзінің кітап оқуға құштарлығын оятқан апасы екендігін айтады.
– Апам Саракүл Зәуірбекова кезінде зауытта қарапайым жұмысшы болып істесе де, қолынан ешқашан кітабы түскен емес. Ізденімпаз, жан-жақты кісі. Қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Биыл «Мерейлі отбасы – 2019» байқауына қатысып, үшінші орынды иеленді. Үйімізде осыдан 57 жыл бұрын жасаған бесік бар болатын. Соны мұражайға өткізді. «Aq jol»-да осындай бастама қолға алынып жатқанын да апам айтты.
Сіздерге табыстап отырған кітаптың барлығын оқып қойғанмын. Ал оқылмағандары өзімде қалды. Мұнда негізінен қазақ классиктерінің туындылары. Көршілеріміз де Ресейге көшерде біраз орысша кітаптар берген еді. Мұнда солар да бар, – деді.
«Aq jol»-дың бастамасына Сіз де қолдау білдіріп, ауыл кітапханасын байыта түсіңіз, ағайын!

 

Эльвира ЖАРЫЛҚАСЫНОВА

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support