- Advertisement -

Облыс шежіресінің сыр-сандығы

39

- Advertisement -

«Aq jol» газеті – менің ең сенімді серігім, досым, ақылшым. 60 жылдан бері үзбей оқып келемін, ең бірінші тырнақалды шығармаларым шыққалы бері жаныма ыстық, жүрегімді тебірентер материалдарды «Aq jol»-дан табатыным да шындық. Әрі Әулиеата өңіріндегі жаңалықтардың жаршысы, облыс шежіресінің сыр-сандығы деуге болады. Қазақ руханиятының алтын бесігіне айналған газеттің мазмұны да қызғылықты шығуына, оқырмандардың сүйікті баспасөзіне айналуына атсалысып жүрген талантты жазушы К.Сәттібайұлы басқарып отырған ұжымға жұмыстарының жемісті болып, еңбектеріне Алланың нұры жаууын тілеймін.
«Aq jol» газетінің бүгінгі дизайны да көңілге қонады. Мақалаларды құбылтып, түрлендіріп береді. Басылымда жарық көріп жүрген «Маздақ» жастар, «Пырақ» әдебиет, аруларға арналған «Айша бибі» секілді өзге де беттер менің де, оқырманның да жүрегіне жетіп жатқаны анық. Еңбекқор тілшілердің табанды жұмысы оқырманның көз алдында. Талантты азаматтар топтасқан ұжымның алар асуы асқақ екені еш талас тудырмайды.
Ендеше «Aq jol»-ға жазыл, ойлы оқырман!

Шырын МАМАСЕРІКОВА,
ақын.

Меркі ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support