- Advertisement -

Жеті жерлесіміз жеңіс тұғырында

99

- Advertisement -

Тараз қаласындағы №6 бокс спарайында облыс әкімдігі дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен кикбоксингтен жасөспірімдер арасында Көшек батыр Қарасайұлын еске алуға арналған ІІІ республикалық турнир өтті. Турнирдің ашылу салтанатында облыстық кикбоксинг федерациясының вице-президенті Өмірбай Сабыров, мәдениет саласының үздігі Жасан Тілеубеков, кикбоксинг спортының жанашыры Әбдірахман Қыдыралиев сөз сөйлеп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Бұл жарысқа 20 салмақ бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ге жуық спортшы қатысты. Біздің өңірдің жасөспірімдері ойдағыдай нәтиже көрсетті. Жамбылдық 28 спортшының жартылай финалға шыққаны сөзімізге дәлел.
Ал қызықтың көкесі финалдық кезеңде болды. Шешуші сайысқа Тараздан 14 спортшы іріктеліп шыққан болатын. Олардың ішінде 7 жерлесіміз білгенінен жаңылмай, чемпион атанды. Атап айтсақ, 24 килограмда Медет Дербіс, 31 килограмда Ерсұлтан Төлен, 33 килограмда Нұрсүндет Әбдірахманұлы, 45 килограмда Мақсат Жандуллаев, 48 килограмда Аман Бейсенбай, 51 килограмда Нұртілеу Алпысбай, 54 килограмда Нұрлан Қасқырбаев топ жарып, алтыннан алқа тағынды. Ақиқатын айтуымыз қажет, 39 килограмда финалда бақ сынаған жерлесіміз Заңғар Кәрібек ақтаулық Диас Айтбайды айқын басымдылықпен ұтқандай көрінген. Алайда төрешілер ақтаулық спортшының қолын көтеріп, Заңғарға бұйырғаны күміс жүлде болды.
Сонымен, 7 алтын, 7 күміс, 14 қола медальмен жамбылдық жасөспірімдер командалық есепте бірінші орынға көтерілді. 6 алтын медальмен Түркістан облысының құрамасы екінші орыннан көрінсе, 4 алтын медалі бар ақтаулықтар жүлделі үштікті қорытындылады.

 

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support