- Advertisement -

Илья Ильин Олимпиадаға бара ма?

29

- Advertisement -

6-7 шілде күндері Жапонияның астанасы Токиода ауыр атлетикадан Олимпия ойындарына сынақ режіміндегі және Олимпиадаға іріктеу турнирі өтеді. Бұл байрақты бәсекеде еліміздің намысын үш зілтемірші қорғайды. Атап айтқанда, әлем чемпионы Илья Ильин мен Азияның қола жүлдегері Ибрагим Берсанов 109 келіге дейінгі салмақта, қыздар арасында Лариса Кобелева 87 келі салмақта бақ сынайтын болады.
Олар шамамен 7 шілде күні жарыс жолына шығады. Әрине, Ибрагим мен Лариса да аянып қалмайтыны анық. Елдің назары үлкен спортқа қайта келген Ильяға ауып отыр. Басынан талай жағдайды өткізген белгілі спортшыға Олимпиада жолдамасы бұйырар ма екен?

Есет ДОСАЛЫ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support