Кәрім Мәсімов ауыр атлет Фархад Харкиді жеңісімен құттықтады
ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Рио Олимпиадасында қола медаль алған ауыр атлетіміз Фархад Харкиді жеңісімен құттықтады.
«Біздің ауыр атлет Фархад Харкиді #Rio2016 олимпиадалық ойындарындағы қола медалімен құттықтаймын.#КАZ, алға!», — деп жазды ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Твиттер әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.
Қазақстандық зілтемірші 62 келіге дейінгі санатта өнер көрсетіп, 305 келі көтерді. Бұл Рио-де-Жанейродағы Қазақстан құрамасының қанжығасындағы үшінші медаль. Күміс және қола медальдарды дзюдошылар Елдос Сметов пен Галбадрах Отгонцэцэг жеңіп алған болатын.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат
Comments are closed.