- Advertisement -

Шекара шебі қырағы бақылауда

52

- Advertisement -

ҰҚК Шекара қызметінің облыс бойынша департаменті сенімдегі телімде ҚР МШ қорғау мен күзету бойынша міндеттерді атқарады және мемлекеттік шекара режимі мен шекаралық режимге бақылауды жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392- бабына сәйкес ҚР Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы туралы ескертеміз.

Сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 394-бабына сәйкес көлік құралдарын не қолдан жасалған құжаттар не тұрғын немесе өзге де үй-жай беру, сондай-ақ азаматтарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының аумағы бойынша заңсыз келу, кету, орын ауыстыру үшін өзге де қызметтер көрсету арқылы заңсыз көші-қонды ұйымдастыру – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Қазақстан Республикасы өкіметінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі №356 Үкімімен шекаралық белдеу мен шекаралық аймақ шектері белгіленген. Және де Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңымен өзімен бірге тұлғаны куәландыратын құжатты (электрондық нұсқасын) міндетті түрде алып жүру және шаруашылық, кәсіптік және басқа әрекеттермен айналысу, қоғамдық-саяси, мәдени не басқа іс-шараларды өткізу тәртібі бекітілген.

Бекітілген талаптарды бұзған жағдайда әкімшілік жауапкершілік көзделген. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 514-бабымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара режимiн бұзу жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.

Ал 510-бабымен Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу – бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Шекара аймағында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етпей, шаруашылық, кәсiпшiлiк және өзге де қызметтер жүргiзу, қоғамдық-саяси, мәдени және өзге де iс-шаралар өткiзу – жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл.

Департаменттің жеке құрамымен күнделікті ҚР Мемлекеттік шекарасын бұзушылар ұсталып, стратегиялық шикізатты, тауар мен жүктерді, сонымен қатар контрофактті өнімдерді ұстауда, заңсыз миграция жолдарын ұйымдастыру әрекеттерін әшкерелеуде.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 500-ден астам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңнамасын бұзушы тәркіленді, заң бұзушыларға 20 миллион теңгеден астам айыппұл салынды.

Сонымен қатар мемлекеттік шекараны бұзушылар белгіленген тәртіппен көршілес Қырғыз Республикасының территориясында ұсталып, белгіленген жауапкершілікке тартылады. Осылай, Қырғызстан заңнамасына сәйкес шекараны бұзғаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру, немесе Қазақстан валютасына эквивалентті 400 мың теңге көлемінде айыппұл белгіленген.

Тек 2022 жылы облыс аумағында мемлекеттік шекараны бұзған біздің 14 отандастарымыз көршілес мемлекетте қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қырғызстан құқық қорғау органдарымен көрсетілген заң бұзушыларға салынған айыппұлдың мөлшері 5 миллион теңгеден асқан, 1 айдан үш айға дейін қамақта болғанды есепке алмағанда.
Осыған орай сіздерден «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының талаптарын орындауларыңызды сұраймыз.

 

ҚР ҰҚК Шекара қызметі облыс бойынша департаменті.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support