- Advertisement -

Көп күттірген жеңіс

101

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 18-турында «Тараз» ойыншылары көптен күткен жеңіске қол жеткізді!
Сонымен, бірінші турда алматылық «Қайратты» 2:1 есебімен жеңген «Тараз» футбол клубтары арасында бірнеше мәрте тең ойнады демесеңіз, жеңістің дәмін 17 тур бойы татпапты. Юрий Максимов баптайтын жерлестеріміздің құрамы Андрей Яковлев, Дәуренбек Тәжімбетов сынды шеберлермен толыққан сәтте жақсылықтан үміттенгенбіз. Солай болды да. Қостанайдан келген «Тобылды» тобықтан шалды.
Төреші ысқырығы естіле салысымен турнир кестесінің соңғы сатысында орналасқан «Тараз» ойыншылары алға ұмтылды. Бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырған жергілікті команда кездесудің 29-минутында өз дегеніне жетті. «Тараз» сапына жаңадан келген қос футболшы алғашқы голға себепші болды. Андрей Яковлев оң қанатпен құйғытып келіп, «Тобылдың» бір футболшысын алдап өтті де, Дәуренбек Тәжімбетовке допты асыра салды. Тәжімбетов мүлт кеткен жоқ. «Тараз» бұдан кейін де бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Әйткенмен, ойынның бірінші бөлігінде нәтиже өзгеріссіз қалды. Екінші 79-минутта айып алаңының сыртынан шірене тартқан Маненің соққысы қақпа торында тулап жатты. Жеңіс голы!
Иә, «Тараз» 2:0 есебімен «Тобылды» тізе бүктірді. Премьер-лигада қалатын мүмкіндік әлі де бар. Тек босаңсымау керек…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support