Ғылымға арналған айтулы додада жеңіс тұғырынан көрінген оқушыларымыз – Ерасыл Абдықадыр мен Арнұр Болатбек II орынды олжаласа, Алтынай Темірланқызы III орынның биігінен көрінді.
– Мектебіміздің педагогтар ұжымы оқушыларға тек білім беріп ғана қоймай, оларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Жас буынға өнер үйренумен қатар, айналасын зерттеп, жаңалық іздеуі болашақ үшін аса қажет. Сондықтан, біз оқушыларға бағыт сілтей отырып, олардың дүниетанымға деген қызығушылығын оятуға тырысамыз. Міне, осындай қызығушылықпен оқушыларымыздың зерттеу жұмыстары және оны қорғаған еңбектері еленіп, халықаралық деңгейдегі жарыстан жүлдемен оралдық. ІІ орынды алған Ерасыл Абдықадыр мен Арнұр Болатбек «Күн жүйесі және ғарыш физикасы» секциясында «Күннің жылдық көрінерлік қозғалысы және айналу периодын анықтау» жобасын ұсынды. Ал, ІІІ орынды жеңіп алған Алтынай Темірланқызы «Ғарыштық техника және инфрақұрылым» секциясында «Астрофизикалық объектілер үшін жарықтың ауытқу бұрышын анықтау» жобасын қорғады. Әрине, біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, оқушыларымыз елге пайдасы тиер жаңалық табуда тынбай еңбектене береді, – дейді жеңімпаз оқушылардың жетекшісі Нұрсұлу Қабылова.
Зерттеу еңбегі ІІІ орынға бағаланған оқушының жетекшісі Арайлым Әбдіқадір да мектептің жүлде қорын арттыруға үлес қосқан оқушыларының жетістігін қайталау үшін мұғалімдер тарапынан қолдау арта түсетінін айтты.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Өз жүрегіңді оқығандай әсер аласың
- 31 наурыз, 2026
Ғылымдағы әйел - табандылықтың символы
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




