Қазіргі таңда университетте 6000-ға жуық студент білім алып, оларға 264 профессор-оқытушы сапалы білім беріп келеді. Өткен жылғы түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 71 пайызды құрап, оқу орнының еңбек нарығымен байланысы жүйелі жолға қойылғанын көрсетеді. Ал биыл бакалавриат бойынша 53 білім беру бағдарламасы аясында 2000-ға жуық жас маман үлкен өмірге қадам басқалы отыр.
Форум барысында педагогика, ІТ, бизнес, құқық және ауыл шаруашылығы бағыттары қамтылып, әр сала бойынша өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушылар жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатып, бос жұмыс орындары мен тағылымдамалар жайлы нақты ақпарат алды. Әсіресе HR саласының тәжірибелі мамандары бөліскен кеңестер жастар үшін бағыт-бағдар болары анық.
Жиында әуелі сөз алған университет ректоры Махметғали Сарыбеков бұл форумның маңыздылығына айрықша тоқталып, оның жас түлектердің кәсіби қалыптасуына серпін беретін тиімді платформа екенін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай кездесулер студенттердің тек білім алып қана қоймай, еңбек нарығына дайын маман ретінде шығуына ықпал етеді. Іс-шараға облыс әкімдігінің білім басқармасы, Еңбек мобильдігі орталығы, «Отбасы банк» өкілдері қатысып, мемлекеттік бағдарламалар мен жас мамандарға арналған мүмкіндіктерді таныстырды. Сонымен қатар білім басқармасының бөлім басшысы Айдын Досыбаева өңірде кадр тапшылығы мәселесіне тоқталып, әсіресе ауыл мектептеріне жас мамандарды тарту маңызды екенін жеткізді.
Форумға спикер ретінде мемлекеттік қызмет, құқық қорғау және ауыл шаруашылығы салаларының өкілдері қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың қатарында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті, экономикалық тергеп-тексеру органдары және ауыл шаруашылығы басқармасының мамандары бар. Жиын барысында университет түлектері өз жобаларын таныстырып, жұмыс берушілердің қызығушылығын арттыра түсті. Ашық микрофон алаңында білім беру мекемелерінің басшылары да сөз сөйлеп, жас мамандарға деген сұраныстың жоғары екенін атап өтті.
Форум соңында өндірістік және педагогикалық практика барысында өзін жақсы қырынан көрсеткен студенттерге жұмысқа ұсыныс жасаған мекемелер мен өткен жылғы түлектерді жұмыспен қамтыған ұйым басшылары марапатталды. Сонымен қатар студенттер жұмыс берушілермен жеке сұхбат өткізіп, нақты ұсыныстар алып, болашақтағы жұмыс орындарын алдын ала айқындауға мүмкіндік алды.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Мұғалім қағазбастылықтан қашан құтылады?
- 20 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




