
Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауы аясында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген бұл заң жобалары экономикалық белсенділікті ынталандырудың өзекті мәселелерін шешуге және финтех секторын одан әрі дамытуға бағытталған.
Өзгерістер бүкіл қаржы секторына әсер етеді және банктердің жұмысына, бәсекелестік деңгейіне және халық пен бизнес үшін қызметтердің қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін. Әмбебап және базалық лицензияларды енгізу шағын және орта банктер үшін, әсіресе шағын және орта бизнесті несиелеу саласында көбірек мүмкіндіктер туғызады.
Заң жобалары уақыт талабына сай әділ және тұрақты қаржы жүйесін құру мәселесін шешеді деп күтілуде.
Заң жобаларының негізгі бағыттарында:
1) банк секторындағы бәсекелестікті кеңейту және шағын және орта бизнесті кредиттеудің өсуіне жағдай жасау үшін базалық және әмбебап банк лицензиясын енгізу;
2) қаржы нарығында финтех секторды дамыту және банктердің финтех компанияларының капиталына қатысу мүмкіндіктерін кеңейту және «реттеу құмсалғышына» жеңілдетілген қолжетімділікті қамтамасыз ететін инновацияларды қауіпсіз енгізу;
3) артық және ескірген ережелерді жоюға, ұқсас талаптарды біріктіруге, сондай ақ корпоративтік басқару талаптарын күшейтуге, дәлелді пайымдауларды қолдану аясын кеңейтуге және қадағалау құралдарының құрылымын оңтайландыруға бағытталған банктік реттеуді жетілдіру;
4 ) исламдық қаржыландыруды дамыту және дәстүрлі банктерге үздік халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін бір лицензия бойынша исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға мүмкіндік беру;
5) мінез-құлықты қадағалауды дамыту. Тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, өтініштерді қараудың үш деңгейлі жүйесін енгізу, қаржы институттарының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыру;
6) банк жүйесінің тұрақтылығын арттыру мақсатында төлемге қабілетсіз банктерді реттеу жүйесін реформалау және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды күшейту қарастырылған.
Төлемге қабілетсіз банктердің есеп айырысуларында мемлекет қаражатын пайдалану шарттарын қатаңдату ұсынылады.
Жүйелік маңызы бар банктерге қатысты ерекше жағдайларда мемлекеттік қолдау көрсету көзделуде. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмысының қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленген заң жобалары қоғамдық талқылау үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің сайтында орналастырылған.
Пысықтау мен келісуден кейін олар Парламентке жіберіліп, алдағы жылдары жаңа нормалар күшіне енеді және Қазақстанның банк заңнамасын айтарлықтай жаңартады деп күтілуде.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
«Ұлы Дала» аумағында ірі жобалар жүзеге асуда
- 7 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді