– Бүгін Жамбылдың жалынды жастарымен «Әулиеата жауһарлары» атты тарихи танымдық экспедициясы бастау алып отыр. Тарих қойнауынан сыр шертетін киелі Әулиеата өңірінде бұл экспедицияның басталуы маңызды. Тарихи танымдық шаралар қоғам санасын жаңғыртуға зор ықпал ететін озық жобаларға айналуы керек. Сол арқылы жас ұрпақ төл тарихымыз бен салт - дәстүрімізді терең танып, өткеннен тағылым алуы қажет. Жалпы, өңірімізде тарихи-мәдени мұраны сақтау және молайту мақсатында ауқымды әрі үздіксіз жұмыстар жүргізіліп келеді. Бүгінгі тарихи танымдық экспедиция соның айқын дәлелі. Қасиетті Әулиеата өңірі тұнған тарих. Мұнда ежелгі және орта ғасырлар тарихының адам сүйсінер және керемет таңданарлықтай тарихи ескерткіштер сақталып, бүгінгі күнге жеткен, – деді Серік Сәлемов.
Бұдан кейін облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев жастарға бата берді. Осылайша экспедицияға қатысушылар Бауыржан Момышұлы музейіне кіріп, тарихи жәдігерлермен танысты.
Үш күнге созылатын экспедицияға еріктілер, ЖРО мамандары, ассамблея жастары, аудандық, ауылдық мектептердегі тарих пәнінің мұғалімдері, әртүрлі салада жұмыс істейтін жастар қатысуда.
Айта кетейік, шара аясында жамбылдық жастар Ақыртас кешені, Құлан қалашығы, Меркі қалашығы, Қарасай петроглифтері, Т.Рысқұлов аудандық тарихи музейі, Меркі үңгірі, Меркі аудандық тарихи музейі, «Меркі сегіз» петроглифтерінің тарихымен танысатын болады.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Атомға бай елде АЭС-тің болмауы абсурд
- 15 қаңтар, 2026
Жаңа автобустар жаңа бағытпен жүреді
- 13 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




