- Advertisement -

«Теорема» мен «Салдар»

149

- Advertisement -

Бізде мынандай нақыл бар,
Яғни:
«Қатынның атын – отын шығарады,
Еркектің даңқын – қатын шығарады».
Ендеше біз асықпайық,
Таза мүжіген асықтай қып
«Теореманың» бүге-шігесін анықтайық.
Мысалы:
Рыстының Мұшаны
Отын жиды делік.
Арқалап тасыды,
Арбалап тасыды.
Дорбалап жиды,
Тіпті қорадағы қиды,
Оны да ортаға үйді.
Не керек, үй артына қи толды,
Тезектен тұрғызған үй болды.
Бұған ынтыққан,
Ары өткен де қарады,
Бері өткен де сұрады:
– Мұнда кім тұрады?
– Рыстының Мұшаны…
– Бәсе, қыздың жиған жүгіндей,
Дәл өзіне ұқсайды…
Сонымен «теореманың» салдары:
Ауылдың кемпір-шалдары,
Рыстының Мұшанын
«Қаттап жиған тезегін-ай» – деп
Аузынан тастамай жүрді.
«Қатын атын – отын шығарды» – деп,
Миығынан күлді.

Екінші «теорема» былай:
Сол Мұшанның Рыстысы
Дәлірек: берекесі-ырысы,
Айтсақ сөздің дұрысы –
Тік жүріп, тік тұрды,
Шашау шықпады бір ісінен бір ісі.
(Майда болды әдеттегі жүрісі).
Бір күні сол Рысты,
(Расын айтқан дұрыс-ты).
Көңілін жықпай достардың,
Ептеп аузына алды «көк судан»,
(Талай рет аман қалған көп шудан).
Содан,
Одан, бұдан,
Есітіп әлгі Мұшан
(Дегенмен Мұшан иіс біледі)
Рыстының аузын бас салып иіскіледі.
Онымен қойған жоқ.
Әр сөздің басын шатып тиіскіледі.
Не керек, айқай-шу шықты,
Тапа-тал түсте үй ішінен су шықты.
Моншасыз-ақ мұржасынан бу шықты.
Көрші-қолаң жиналған,
Былапыт сөзге тұншықты.
«Ел құлағы – елу» – деген
Өсек сөз өрбіп жүріп кетті.
«Рысты ішкіш» – дегенді
Лезде құлағына іліп кетті.
Ал, Рысты байғұс күйіп кетті…
Нокаутқа түскендей құлап-тұрды,
Көзі күлгенмен, өзегі өртеніп, жылап тұрды.
Сөйтіп Мұшан бар бәлекетті
Рыстының басына үйіп кетті…
Көрдіңіз бе бұл әрекетті?
* * *
«Еркектің даңқын – қатын шығарды-ау» – деп
Көп көңіліне түйіп кетті.

Айтқұл Мамытқұл.
Байзақ ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support