- Advertisement -

Шұғыл шешімін табатын мәселелер көтерілді

109

- Advertisement -

Кеше облыстық әкімдікте шұғыл шешімін табатын мәселелер жоспарын қарау бойынша жиын өтті. Өңір басшысы Асқар Мырзахметовке облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Құрманғали шұғыл шешімін табатын мәселелер туралы баяндады. Ол өзі басқаратын басқарманың хаттамалық тапсырмаларға сәйкес облыстағы көп уақыт бойы өз шешімін таппаған, қордаланған 9 мәселені анықтағанын жеткізді. Бүгінгі таңда бұл мәселелер мүдделі мемлекеттік органдар тарапынан бақылауға алынғанымен, бірқатар проблемалардың шешімін табу тетігі жүйелі жүзеге асырылмауда екен.

Басқарма басшысы алдымен еңбек жалақысы бойынша қарыздары қордаланған 5 кәсіпорынды тілге тиек етті. Олардың қатарында «ACIG» АҚ және «Энерджи-Тараз», «Hantau Mining», «Шу Сервис», «Қайсар Сарбаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері бар. Олардың барлығының 207 жұмыскер алдында 70,4 миллион теңге қарызы бар.
Сондай-ақ жиында Тараз қаласына қарасты «Құмшағал» және «Шөлдала» шағын аудандары аумағындағы саяжай алқаптарына, Тараз қаласындағы «Атшабар» тұрғын үй кешеніндегі үлескерлердің пәтер алуына, Тараз қаласының су тазалаушы тұндырғыштар мен сүзгілеу алаңдарына, тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жер телімін алу кезегіне қатысты мәселелер де көтерілді. Шу ауданындағы «Бөлтірік», «Жиенбет» медициналық және «Сауытбек» фельдшерлік-акушерлік пунктерінің санитарлық талаптарға сай келмеуі, Шу қаласының ескі кәріз жүйесінің, Мойынқұм ауданындағы Радай өзенінде орналасқан көпірдің апатты жағдайы «ыстық нүктелер» ретінде назарға алынды.
– Тараз қаласына қарасты «Құмшағал» және «Шөлдала» шағын аудандары аумағындағы саяжай алқаптарына қатысты, тұрғындардың электр қуатына төлемақыны заңды тұлғаларға арналған бағамен төлеуі және саяжайларды елді мекен санатына ауыстыру мәселелері де өзекті болып тұр. Бұл мәселе бақылауда тұрады. Сонымен бірге Тараз қаласына қатысты тағы бір ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан «Атшабар» тұрғын үй кешеніндегі үлескерлердің пәтер алу мәселесі де маңызды. Бүгінгі күні тұрғын үй құрылысына қаражат салған 28 салымшы «Горизонт Строй» ЖШС ақшаларын кері қайтаруы туралы сотқа бірнеше рет жүгінген. Облыстық сот салымшылардың талап арызын қанағаттандырып, оларға пәтер берілетін болды, – деген Б.Құрманғали сот шешімі іске асырылған соң бұл мәселені жоспар тізбесінен шығаратындықтарын жеткізді.
Басқосу барысында көтерілген мәселелерге байланысты тиісті тұлғалардан жауаптар алынып, өзекті мәселелерді шешу жолдарын уақыт оздырмай қарастыру керектігі айтылды. Асқар Исабекұлы шұғыл шешімін табатын түйінді түйткілдер бұл тоғыз көрсеткішпен ғана шектелмейтінін, ел арасындағы, облыс орталығындағы түрлі әлеуметтік-тұрмыстық және экологиялық мәселелерді осы тізімге кіргізіп, тиісті шараларды тездетіп жүзеге асыру керектігін баса айтты.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support