3 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті
- author «Ақ жол»
- 21 мамыр, 2025
- 1.0k
Жаңа форматтағы мектептерде педагогтердің кәсіби шеберлігін үздіксіз арттыруға басымдық беріледі.
– Осы мақсатта мұғалімдерге арналған жаңа педагогикалық тәсілдер, заманауи әдістемелер мен цифрлық құралдарды меңгеруге бағытталған бағдарлама әзірленді. Бүгінгі күні 3000-нан астам мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Алдағы уақытта басым бағыттар бойынша барлық педагогтер оқытумен қамтылады, бұл елімізде кәсіби құзыреттіліктерді дамытудың бірыңғай стандартын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, – деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Орталық коммуникация қызметінде өткен брифингте.
Сондай-ақ қазіргі заман талабына сай, заманауи ойлайтын, қажетті білім мен қабілетке ие жас мұғалімдерді тарту үшін аталған мектептердің басшылығы мен жетекші педагогикалық ЖОО арасында ынтымақтастық орнатылады. Бұл мектептерге арнайы дайындалған мұғалімдер тарту мақсатында жасалатын шара. Мектептерді басқару тиімділік, ашықтық және жауапкершілік принциптері бойынша ұйымдастырылады. Директорларды тағайындауда басымдық «Білім беру саласындағы 1000 өзгеріс көшбасшысы» жобасына қатысқан үміткерлерге беріледі. Болашақта бұл мектептер моделі еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептердің дамуына негіз болмақ. Пысықталған стандарттар, әдістемелер және басқару шешімдері бүкіл республика бойынша масштабталатын болады. Бұл күрделі шаруаны жүзеге асыру үшін ұлттық жоба аясында салынған мектептерді басқару жүйесі құрылуда. Аталған құрылым Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының құрамында болады.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




