
Оң динамика экономиканың негізгі салаларындағы өсім есебінен қамтамасыз етілді: өнеркәсіп – 23,6%, ауыл шаруашылығы – 0,7%, құрылыс – 22,1%, көлік – 11,2%, байланыс – 7,7%, сауда – 2,5%. Қарқынды дамудың маңызды шарты өңір экономикасына тұрақты түрде түсетін инвестицияларды тарту.
Қазақстанның СЖРА Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялардың нақты көлем индексінің айтарлықтай өскені байқалған өңірлер арасында Жамбыл облысы көш бастап тұр. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,7 есеге (190,8 миллиард теңге) өсті.
Бұл бизнес қауымдастықтың өңірдің экономикалық әлеуетіне деген сенімінің жоғары деңгейін дәлелдейді. Ұлттық статистика бюросы атап өткендей, өндірістік және инфрақұрылымдық салалар әлі де ең көп капиталды қажет етеді. Бұл елдің экономикалық саясатындағы қазіргі басымдықтар мен өндірістік әлеуетін дамытуға деген ұмтылысты көрсетеді.
Тұрғын үй саласында да өсім байқалды. Төрт айда 173,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5 пайызға артық. Оң серпін өңір экономикасының тұрақтылығын айғақтайды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұмда бір гигаваттық жел электр стансасы салынады
- 21 тамыз, 2025
Әкесіне де, қызына да өнер қонған
- 19 тамыз, 2025
Ақпарат
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Қоғамдық көлік: саны да сапасы да артып келеді
- 17 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді