
Сіздің адами қасиетіңіз, жоғары кәсіпқойлығыңыз, шығармашылық ойлауыңыз, әділеттілігіңіз, өзіңізге және қарамағыңыздағыларға деген талап қойғыштығыңыз, жауапкершілігіңіз, еңбекқорлығыңыз көпке үлгі. Жалпы әрбір маман, айналаңыздағылар осы қасиеттеріңіз үшін сізге үлкен құрметпен қарайды. Қайрат Сәтбайұлы 40 жылға жуық денсаулық сақтау саласында табысты еңбек етіп келеді.
1988 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін «дәрігер» мамандығы бойынша бітіріп, Жамбыл облыстық ауруханасының базасында хирургиялық бөлімшеден еңбек жолын бастаған ол 2006 жылдың 23 қаңтарында облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен «Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» МКК бас дәрігері лауазымына тағайындалған болатын. Ал 2019 жылдың 1 маусымында құрылтайшымыз «Uniserv-Trans» ЖШС ның шешімімен «Жамбыл облыстық офтальмологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры лауазымына тағайындалды. Еңбегі елеусіз емес.
Еңбек жолында бірнеше мемлекеттік және ведомстволық марапаттардың иегері атанды. Атап айтар болсақ, 2011 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен, 2011 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» мерекелік төсбелгісімен, 2016 жылы «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, 2018 жылы «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 қазандағы Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.
Қайрат Сәтбайұлы, сізді ұжымыңыз үлкен абырой-беделге ие болған тәжірибелі, үздік басшы, іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Сізге зор денсаулық, ұзақ та мағыналы ғұмыр болсын деген ізгі ниетпен бақыттың баяндысын, дәулет ырыстың Сыр суындай сарқылмауын, табыс-тартулардың тау суындай таусылмауын тілейміз. Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Ізгі ниетпен: облыстық офтальмологиялық орталығының ұжымы.
Ұқсас жаңалықтар
Ауруын анықтау үшін адамнан жымиюды сұраңыз
- 14 маусым, 2025
Бала шыр етіп дүниеге келгенде қатты қуанамын
- 14 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді