- Advertisement -

Келесі жылдан бастап жастар 2,5%-дық мөлшерлемемен несиелер ала алады

34

- Advertisement -

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жастардың кәсіпкерлік ынтасын көтеру және қолдау мақсатында шағын несие беру шаралары қаралып жатыр. Оны беру шарттарымен Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ЕХӘҚМ Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов таныстырып өтті.

«2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жастарға шағын несиелер беріледі. Оның пайыздық мөлшері — 2,5%-ды құрайды. Қазіргі кезде Ережелер жобасы жасалып,  «Ашық НҚА» порталында жарияланды. Басты шарты — кепілдік болуы тиіс. Ол міндетті түрде үй болуы тиіс емес, бағалануы тең басқа да мүлік болуы мүмкін. Несие мөлшері – 5 млн теңгеге дейін. Берілу мерзімі – 5 жылға дейін. Егер қарыз ауыл шаруашылығын жүргізу мақсатында немесе ірі қара мал, жылқы асырау үшін алынса, онда 7 жылға дейін беріледі. Несие алған жастарға 1,5 жылға «каникулярлық кезең» ұсынылады, яғни, аталған уақытта олар ай сайынғы жарна төлеуден босатылады», — деді спикер.

Оператор ретінде – Аграрлық несие корпорациясы белгіленіп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support