«Алғашқы күнпарақтың беттерімен, Орын ал, тарихымның қақ төрінен»
Жыр-шашу
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов
Жыр-шашу
Барлық тіршілік иесіне тіршілік ету үшін азық керек. Дәл сол секілді жанға да қым-қуыт күйбеңнен тынығып, сананы серіктіріп, көкейге көркем ой түю үшін қоректендіру аса маңызды. Жанға азық – құнды кітап болмақ. Себебі, кітапта барлық білім де бар, өмір тәжірибесін түйген озық ой да, ертеңгіні болжап...
Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Үздік тыңдаушы – 2024» облыстық байқауы өтіп, мемлекеттік тілді қолдауға зор құлшыныс бар екенін байқатты.
Кейде айқайға баспай-ақ, үнсіз жүріп те айтарлықтай іс тындыратын кісілер болады. Олардың жазған еңбектерінде, атқарған жұмыстарында жас ұрпаққа берер тәлім бар. Сондай еңбекшіл, ізденісі жоғары қаламгерлердің қатарына Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Сәнтөре Пірманұлын қосуға болады.
Ауылда мүлдем басқа салада еңбек етіп жүріп те шығармашылықпен айналысатын, мақала, өлең, әңгіме жазатын, тіпті ән шығара беретін кісілер болады. Сондай талант иесінің бірі – Әбжаппар ауылының тұрғыны Жорабек Әбдікерімов. Өзінің негізгі мамандығы – есепші. Ұжымшарда ұзақ жыл есепші болып қызмет атқа...
Әдебиет әрқашан қоғамның дамуы мен оның қиындықтарын бейнелейтін құрал болғандықтан, әр дәуірде ерекше стильдер мен бағыттар пайда болды. Сол секілді 2024 жылы да әлемдік әдебиетте бірнеше қызықты құбылыстар мен трендтер қалыптасты. Олар жаһандық қоғамның өзгерістері мен жаңа буынның талғамын айқынд...
Өңіріміздің басшысы Ербол Шырақпайұлының бастамасымен келесі 2025 жыл Жамбыл облысы бойынша кітап оқу жылы болып жарияланды.
Адамзат баласының ықылым заманнан бергі мақсат-мұратын, арман тілегі мен өмір тәжірибесін бүгінге мирас еткен ең бағалы дүние – кітап. Сарқылмас білімнің қайнарына баланған бұл қымбат құндылық дәуірлер бойы адамзатты тәрбиелеп, танымын тереңдетіп, ғаламның жұмбақ сырын тануға жол ашып келеді.
Мектеп оқушыларына арналған оқулық оң-солын танып үлгермеген балаларға білім беріп, дұрыс бағыт көрсететіндіктен де оған өте жоғары талаппен қараған жөн. Алайда, соңғы уақыттары оқулықтағы олқылықтар қоғам арасында жиі айтылып жүр. Ішінара кеткен грамматикалық қателерден бөлек, мағынасы жас балаға ү...
Әлеуметтік психологияда мемлекеттің құрылымы өзгерген сәтте қоғамдық құндылықтардың қайта қаралатыны жиі айтылады. Әсіресе, адамзат баласы мұндай кереғарлықпен өткен ғасырда көп ұшырасты. Социалистік идеялардың белең алып, капитализм мен коммунизмнің арасындағы идеологиялық текетірестің орнауы, кейі...
Қазақ даласының көгінде азаттықтың еркін құсы қалықтай бастаған сәттен бері түрлі салада тың серпілістер болды. Үш жүз жыл бұғауда болған ұлттың көкірегінде сайраған асыл арман төл әдебиетімізден көрініс тапты. Азаттық ұлт қаламгерлерінің шығармашылығына жаңа екпін беріп, бұған дейін көтерілмеген та...
Қазақ балалар әдебиетіне өнімді еңбек сіңірген жазушының бірі – халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы. Қаламгердің балалар тақырыбына арналған шығармалары көпшілікке кеңінен таныс. Оның «Елгезек бағдаршам, Ток-қуат және басқалар» ертегі хикаятынан басталған әңгімелері қыр...
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жас ақын-жазушылардың шығармашылық деңгейін көтеруге, рухани-әдеби ортаның қалыптасуына, жас дарындардың жаңа көзқарастарын дамытып, поэзия әлеміндегі дарынды тұлғалардың шығармаларымен таныстыру мақсатында «Тәуелсіздік - елімнің ерлік жолы...
Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жазушы-журналист Көсемәлі Сәттібайұлының шығармышылық мұрасына негізделген «Көркем сөздің Көсемі» тақырыбында фанфик әдеби байқауы өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Харуки Мураками феномені – бұл тек жазушының әдеби шығармашылығымен ғана емес, оның әлемдік мәдениетке, оқырмандар санасына және қазіргі заманғы әдебиеттің дамуына ықпалымен байланысты ерекше құбылыс. Ол өзіне тән жазу стилімен және шығармаларының мазмұнымен миллиондаған оқырмандарды баурап, әдебиет...
Тарихын тереңнен тарқататын Тараз талайғы тағдыршешті оқиғалардың куәсі болған. Соның бірі – 751 жылы Тараз іргесіндегі Атлах шаһары маңында өткен Атлах шайқасы. Аббасидтер мен Таң империясы арасындағы бес күнге созылған осынау қиянкескі ұрыс кейіннен қарлұқтар мен түргештердің ғана емес, бүкіл Орта...
Ақын сезімтал қасиетімен айналасындағылардың халін айтқызбай ұғып, қарапайым жұрттың мұң-зарын билікке өткір де көркем сөзбен жеткізетіндігімен де қадірлі. Оның серігі – қалам мен қағаз, ал байлығы – тіл. Түпкі көздегені – елдің қамы. Тумысынан көркем тілге бай, көкірек көзі көреген ақын-жазушының ж...
Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған Жуалы өңірінің тауы мен тасы да талай сыр бүгіп жатқаны анық. Жан-жағын биік таулар қоршаған бұл аймаққа жолы түскен адамның ондағы батыр халықтың мінезі мен сыйластығын мәңгілік есінде сақтайтыны айтпаса да түсінікті. Өйткені, табиғаты қатал о...
Классикалық әдебиет оқу адамның интеллектуалдық, рухани және мәдени дамуына үлкен үлес қосады. Ал, бүгінде жастардың көпшілігі бұқаралық әдебиетке басымдық береді. Бұл да жаман үрдіс емес. Алайда, әдеби шығармалардың осы қос бағыты бойынша әрқайсының маңыздылығын екшеген абзал.
Өмірден ертерек өтіп кеткен таластық ақын Сағатбек Сәтекбаев талапты да талантты жан еді. Талапты дейтінім, ол жастайынан өлеңге құмар болып, көп ақындардың, оның ішінде Абай өлеңдерін жатқа айтып, ара-арасында өзі де ұйқасты өлең жолдарын құрастырып, дос- жолдастарына оқып береді екен. Талантты д...
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ел болып оқимыз» жобасы аясында ақын Өкім Жайлауовтың 95 жылдығына орай оның шығармашылығына арналған әдеби кеш ұйымдастырылды. Оған ақынның туыстары, өкшелес інілері мен кітапхана оқырмандары қатысты.
Елдегі қазіргі шығармашылық байқаулардың ең ауқымдысы – «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығы. Осымен үшінші мәрте ұйымдастырылып жатқан жобаның жалпы жүлде қоры 35 миллион теңгені құрайды. Ал, биылғы бәйгеде қазақ поэзиясының Кентавры, жерлесіміз Маралтай Райымбекұлы «Үздік поэзия» аталымында оқ бойы озық ш...
Мөлдір өлеңді жүрек көзінен өткізген Жамбыл жастары араға жыл салып алтыншы «Авангардта» қайта бас қосты. Қалам ұстаған қауымды бір ортаға тоғыстырған еркін форматтағы басқосу ежелгі дәстүрінен танбай, бейформальды қалыпта өтті. Жүрегі өлең деп соққан, өлеңге аңсары ауған жастардың ұйымдастыруымен ө...
Былтыр облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қолдауымен жамбылдық 24 қаламгердің кітабы Алматыдағы «Абай» баспасынан жарық көргені белгілі. Сол туындылардың қатарында әріптесіміз Есет Досалының «Өлең деп өмір сүремін» атты жыр жинағы да бар болатын. Аталған жыр жинақтың тұсауы жақында Талас аудандық ортал...
Тұрар Рысқұлов Мәскеуде Кремльде отырып қызмет еткен ұлт өкілдерінің ішінен шыққан тұңғыш қазақ. Ол осы жоғары лауазымды қызметте РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің төрағасының орынбасары болып 1926-1937 жылдары аралығында тапжылмай он бір жыл қызмет етті. Т.Рысқұлов Орта Азия мен Қазақстан халықтар...
Талас аудандық Ұлбике ақын атындағы зәулім мәдениет орталығының кең сахнасына шығып, жалғыз өзі залдағы дүйім жұртты талантына тәнті еткен жирен шашты ақ сары баланың өзі бойшаң болғанымен, ойлы жанары оның кәдімгідей балаңдығын байқатып тұрған.
Жуырда Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның шығармашылығына орай 9-11-сынып оқушылары арасында «Шерхан Мұртаза оқулары» ғылыми-шығармашылық байқауы өтті. Аталмыш байқауды облыс әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығы ме...
Тарихы тасқа қашалған қасиетті Әулиеата өңірінің 85 жылдығы аймақ бойынша дүркіреп өтті. Мерейтойдың қарапайым халықтан бастап зиялы қауымға, ізденіс үстінде жүрген азаматтарға беріп жатқан игілігі аз емес. Мәселен, облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Көне Тараз» этно-мәдени кешенінің көрме...
Бала санасына ұлттық құндылықтарды ерте жастан сіңіру — келешекте елжанды азаматтардың қалыптасуына әсер етеді. Бұл ретте бүлдіршіндерді отансүйгіштікке тәрбиелеуді балабақшадан бастаған ләзім. Байзақ аудандық білім бөліміне қарасты «Мұрагер» бөбекжай-бақшасы бұл міндетті жоғары деңгейде орындауда.
Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Жандар Кәрібайұлы туралы естелік-мақалаға осы тақырыпты жөн санадық. Сөйлесе – сөздің шешені, бастаса – істің көсемі, білімді, ойшыл, парасатты, белсенді асыл аға бұл теңеуге әбден-ақ лайықты. Беу, жалған дүние- ай! Жандар аға тірі болғанда, бүгінде сеңгірлі с...
Балалық шағымыздың естен кетпес естелігінің бірі – жұлдызды аспанға көз салу еді. Оған қолымыз жетпейді, тек алыстан бақылап тұрамыз. Түсінуімізше, бұл ұғым биік, қол жетпес, дара деген мағынаны білдіреді. Бірақ жүйелі ойланып қарайтын болсақ, өзіміздің тарихымызда ғұмыры қысқа қаншама жұлдыздар бол...
Ертеңін ойлаған ел қашанда мәдениетін мәпелеп, руханиятына аса жанашырлықпен қараған. Себебі өнер мен білім, тіл мен діл өркениеттің негізгі діңгегі саналады. Осы бағытта елімізде жас ақын-жазушыларды, шығармашылық иелерін қолдау ісі кешенді түрде жалғасын тауып келеді. Бұған Алматы қаласында «Абай»...
Ақын өзі өмірден көріп, көкейіне түйгенін көркем сөзбен кестелеп, өзгелер тәлім алуы үшін өлең жазып, рухани құндылықты арттырады. Мағынасы терең, өрнекті өлеңді жан азығы десек, артық емес. Себебі, ол адамгершілік пен шыншылдықтың, әділеттілік пен адалдықтың негізін қалайды. Сонысымен қаламгерді тә...
Кэтрин Стокеттің «Қызметші» романында кейіпкерлердің бірі тыйым салынған әдебиеттер туралы былай дейді: «Тыйым салынған кітаптарды мен үнемі Калифорниядағы кітап сатушыдан тапсырыс беремін. Егер Миссисипи оларға тыйым салса, кітаптар міндетті түрде оқуға тұрарлық деген сөз». Оның бұл пайымына қарсыл...
Жамбыл жері таяқ ұстап келгенге тұлпар мінгізіп, талай тарланбоздарды да түлеткен мекен. Әсіресе, мұнда өткен ғасырдың бас жағында Сұлтанбек Қожанов, Ораз Жандосов секілді Алаш қайраткерлері қызмет етіп, әр жылдары Міржақып Дулатов, Сәкен Сейфуллин, Сара Есова, Жүсіпбек Аймауытовтар табан тіреп, Қаб...
Оқырманды сүбелі сөз өнерімен ой жиегін, рухани жан дүниесін қалыптастыра отырып, елжандылыққа тәрбиелеу – кітапхананың мәдени жұмысының негізгі тапсырмасы. Осы мақсатта облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, бе...
Белгілі тұлғалардың ұстаған заттары мен мұраларын сақтау қай кезде де маңызды. Еңбегі елдің есінде қалған атпал азаматтың бірі – шындықтың шырақшысы, ақын, сатирик Шона Смаханұлы. Тараз қаласында ақын атындағы №44 орта мектеп бар екені белгілі. Аталған мектепте 2014 жылы Шона Смаханұлына арналған му...
Көрнекті сатирик-ақын, қайраткер тұлға Шона Смаханұлының туғанына биыл 100 жыл толып отыр. Әр жылдары қаламгердің «Тотияйын», «Әнші әтеш», «Жасырайық несіне», «Жымияды жеңешем» және тағы да басқа сатиралық кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар, Шона Смаханұлы әдебиеттің сатира жанрында ғана емес, по...
Жамбыл жері қашанда қасиетті топырағынан шыққан таланттарын қолпаштап, құрмет төріне шығарудан айныған емес. Сондай таланттың бірі, таластық Үміт Битенова жуырда ғана алпысты алқымдап, ақынның мерейлі жасы өңірде дүркіреп өткен еді.
Қарапайым картинаның өзінде шексіз құдірет бар. Жай қарап отырған адам кейде көзін алғысы келмей қалады. Мұндай сәттерді жан дүниеге тыныштық іздеу сәті дейді. Әр кескіндеме өзінше бір әлем. Сол әлемнен жақсыны немесе жаманды көру өзіңе байланысты. Десек те, бір көргеннен жақсы энергия сыйлап, ой тұ...
Туған жердің кейде қу мединесі де перзентіне қуат беріп, қиялға қанат бітіретін кездер болады. Әйтпесе, сонау қияндағы Мойынқұмның да мінезі бар деп кім ойлаған?! Қазақ әдебиетінің жауһар туындысының біріне айналған өр Алтайдың тумасы Оралханның «Құм мінезі» туындысы да Жамбыл жерінің бір түкпірі Мо...
Өлең өлкесіне өзіндік лебімен, өрнегімен келген ақын Нұржан Қадірәліні қара сөзден хабары бар жанға таныстырып жатудың өзі артық. Жалынды жырлары арқылы өз дәуірінің талғампаз оқырмандары мен алдыңғы буын ағаларының назарын бірден аударған жас ақын бүгінгі поэзия әлемінде өзінің есім-сойын қалыптаст...
Ұстаздардың алдында шәкіртке сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беру міндеті тұр. Тәрбие – білім берудің басты құралы. Даланың дана ұстазы әл-Фараби «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген. Адамды биік белеске жеткізетін де, төменге құлдыратып тастап жіберетін де – тәрбие.
Мен қос жұлдызды атақты шопан Жаз-ата – Жазылбек Қуанышбаевтың арқасында қазаққа, қазақ еліне танымал тұлғалармен етене таныс-біліс, қайсыбірімен дәмдес те болдым. Сол тұлғалардың бірі – Рейхстагқа Жеңіс туын бірінші болып тіккен батыр Рахымжан Қошқарбаев. Батыр жайлы бұрын да шамалы жазған болатынм...
Өзінің ерекше көзқарастарымен халық философиясының дамуына үлкен үлес қосқан ғұлама бабамыз Мұхаммед Хайдар Дулати болды. М.Х.Дулатидің философиялық тұжырымдарын талдау арқылы сол замандағы халқымыздың мәдени-тарихи құндылықтарын, ұлттық болмысының сипатын танып-біле аламыз. Оның шығармалары тарихпе...
Жамбыл облысы әкімдігінің қолдауымен Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында жыл сайын ақын, Қазақстан Еңбек сіңірген қайраткері Маралтай Райымбекұлының шығармашылығына арналған облыстық «Маралтай оқулары» өтіп келеді. Аталған облыстық жыр додасы өңіріміздегі жас ақындарға рухани қолдау көрсетіп, таланттар...

