Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасында «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Шырын Мамасерікованың «Елге деген махаббат» туындысының аудио үнтаспасы мен Брайль қарпіндегі нұсқасының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«Өлеңімнің әр жолы - өмірбаян» деп аталатын әдеби кеште ақынның балалық шағынан үздік сыр шертетін сахналық қойылыммен басталды. Салтанатты жиында белгілі ақын Ғайни Әлімбекқызы, айтыскер, Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыров, «Анаға тағзым» орталығының директоры, коғам белсендісі Эльмира Мырза-Ғали кештің қадірлі конақтарының қатарынан табылып, Шырын шығармашылығының шырыны жайында ой өрбітті.
Әдеби шара барысында зиялы қоғам өкілдері, жергілікті қаламгерлер, әріптестері мен оқырмандар «Ақынға - 100 сұрақ» форматымен түрлі көкейкесті сауалдарын қою арқылы қаламгерімізді жан - жақты қырынан тануға мүмкіндік алды.
Ұқсас жаңалықтар
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




