«Жыл құстары», «Гәкку», «Назерке», «Нәзік нақыш», «Асылдың сынықтары», «Арман гүлі» «Фатима», «Бақыт», «Тәуелсіздік тартулары», «Өлеңімнің әр жолы – өмірбаян», «Елге деген махаббат» кітаптарының авторы Шырын Мамасерікова келер жылы 80 жасқа келеді. Мерейтойының қарсаңында еңбегін елеген елі баспанасын жаңартып бергеніне ана жүрек шын қуанды. Жүрекжарды лебізін өлеңмен жеткізіп, аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы бастаған аудан халқына алғысын ақтаруда.
–Әкем аудандық білім бөлімінің аға инспекторы болған кезде Шырын әпкенің ұстаздық шеберлігіне тәнті болып айтып отыратын. Міне, сол кезден ақын апамызды тани бастадым. Шырын әпке ол кезде мектепте мұғалім, орыс сыныптарына қазақ тілін оқытқандағы педагогтік ұтымды тәсілдерімен көзге түсті. Сол жылдары Шырын Мамасерікованың педагогикалық әдістері басқа әріптестеріне таратылды. Сонымен қатар, өзінің де өлеңдері баспасөзге шыға бастады, артынша-ақ кітаптары жарық көрді. Содан бері Шырын әпкемен жақсы араласып келемін. Өмір жолында кездескен жағдайларының бәріне куәгер болып жүрмін. Шырын әпке ақын ғана емес, адал еңбекқор жан. Сонысымен де сыйлы. Ауданымыздың қазіргі әкімі Жорабек Нұрмергенұлы бір мерекеде Шырын әпкені құттықтап үйіне келгенінде, газдың иісі шығып тұрғанын байқайды да, әпкеге ескертеді. Сонда ғана Шырын әпке үйінің газ пеші дұрыс еместігін және терезесі де жөндеудің жоқтығынан ішке суық кіретінін айтыпты. Жорабек Нұрмергенұлы бірден ақынның баспанасын жақсартуды қолға алып, ауданның қажетті жұмыстарына қолғабыс көрсетіп жүрген азаматтарды демеушілікке шақырады. Бәрі жұмылып, міне жақында жөндеу жұмыстарын аяқтап, ақын әпкеміз баладай қуанып жүр. Ауданда бұл әкіміміздің басқа да жасап жатқан игі істері баршылық, ал енді ақынын қуантқаны бәріміздің көңілімізге қонды. Бұл басқа басшыларға да үлгі болуы керек деп ойлаймын. Ақынын ардақтаған әкім, қарапайым халықтың жағдайына жәрдемдескен басшы абырой биігінен түспейді. Ең үлкен құрмет – халықтың алғысы, – дейді ауданның ардагер ұстазы Ғалия Қажығалиқызы.
«Қазақстан Республикасы халық ағарту ісінің үздігі» төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шырын Мамасерікова 2001 жылы Президенттің Алғыс хатымен де марапатталған болатын. Ал, бұл жолы баспанасының жаңартылғанын ол туған елінің еңбегін елеп, көрсеткен құрметіне балады.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
«1984» – Тоталитаризмге қарсы бұлқыныс
- 20 қаңтар, 2025
Үш аптада жазылған классикалық роман
- 16 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді