Іс-шараны аталған орталық директоры Қуаныш Дәурембеков ашып, байқау мақсаты қазақ тілі тыңдаушыларының мемлекеттік тілді жетік меңгеруіне қол жеткізу, патриотизмге тәрбиелеу екенін айтып, үміткерлерге сәттілік тіледі.
Байқауға Тараз қаласынан және аудандардан 9 үміткер қатысып, «Таныстыру», «Үй тапсырмасы» аясында қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан Отан, халықтар достығы, туған жер, тіл тақырыбындағы өлеңді жатқа оқу, «Сөздің көркі – мақал», «Жаңылдырсаң да, жаңылмаймын» жаңылтпаш айту кезеңі, «Ұлттық құндылық» – ұяшық таңдау арқылы салт-дәстүр, белгілі тұлғалар, ұлттық аспаптар, ырым-тыйымдарға қатысты тақырыпта сұраққа жауап беру бойынша сынға түсті. Байқау барысында үміткерлер өздерінің барлық өнерлерін ортаға салып, жауапкершілікпен келгендерін байқатты. Дегенмен, жүзден жүйрік шыққан Жамбыл ауданынан келген, күрд ұлтының өкілі Баси Айдарова бас жүлдені иеленді. Жүлделі бірінші орын байзақтық, түрік ұлтының қызы Назира Гасановаға бұйырса, орыс ұлтының өкілі, тараздық Зинаида Сокольская жүлделі екінші орынды олжалады. Сарысулық Сайрам Айдароваға үшінші орын берілді.
Қазылар алқасының төрағасы, тіл жанашыры Ринат Нұрақбаев пен орталықтың директоры Қуаныш Дәурембеков жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттап, диплом және бағалы сыйлықтар тапсырды.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Әулиеатаға тағдырдың жазуымен келген «ән періштесінің» алқасы
- 23 қаңтар, 2025
Талас құрылтайы
- 23 қаңтар, 2025
Ақпарат
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді