
Іс-шараны аталған кітапхананың директоры Гүлфайруз Іңкәрбекова ашып, Қадыр ақынның дара тұлғасына, Қазақстан Республикасының алғашқы Әнұранының авторы екеніне, балалар әдебиетінің дамуына да өлшеусіз еңбек сіңіргеніне тоқталды.
Келесі ретте Тараз қаласындағы №63 орта мектептің оқушылары аңыз ақынның өлеңдерін жатқа айтып, «Қызыл кітап» поэмасынан көріністер көрсетті. Атап айтқанда, үлгілі оқушылар Айару Нұржан, Еркеназ Ерболқызы, Нұрмұхамед Жұмағали өздерінің белсенділіктерін паш етті. Олар сыныптастарымен бірге марафонның қызықты өтуіне атсалысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Іс-шара соңында сөз алған осы орта мектептің директоры Медет Жантелиев: «Қадыр Мырза Әлі – ғасырдан ғасырға таралатын кең тынысты ақын. Біз де жас кезімізден аяулы ақынның өлеңдерін жаттап өстік. Қазіргі таңда мектебіміздің бірнеше мұғалім мен оқушылары ақын-жазушылардың шығармаларын оқып, талдап отырады. Оның ішінде Қадыр ақын шығармалары ерекше орын алады», – деді. Ал, оқушы Еркеназ Ерболқызы: «Қазақтың дара перзенті Қонаев атамыздың атындағы кітапханаға жиі келіп тұрамын. Қазақ ақындарының өлеңдерін оқып жүрмін. Әзірге мені қызықтырған ақынның бірі Қадыр Мырза Әлі атамыз. Осы кісінің өлеңдерін оқып, кітап оқуға қызығушылығым артып келеді, – деп ойын бөлісті.
Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері Қадыр Мырза Әлінің шығармаларына арналған кітап көрмесімен таныстырды. Сонымен қатар, іс-шараға белсене қатысқан қонақтарға алғыс білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шоқан Уәлихановтың 190 жылдығына орай облыстық семинар өтті
- 13 ақпан, 2025
Ұстаздық деген ұлы жол
- 21 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді