
Әдеби-сазды кеш барысында аяулы ақын өз оқырмандарына балалық шағы мен тырнақалды туындылары және өлеңмен сабақтасқан өмір жолы туралы бір үзік сыр шертті.
Еркін форматта өткен басқосуға К.Әзербаев атындағы облыстық филармонияның әртісі, әнші Оңал Азаматова мен Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, айтыскер ақын Есет Досалы арнайы қатысты. Сондай-ақ, Тараз инновациялық колледж білімгерлері және №13 балабақша, №23, №20 орта мектеп оқырмандары ардақты ақынның өлеңдерін жатқа соқты.
Іс-шара соңында ақынның шығармашылық мұрасына негізделген «Өзі жібек, өлеңі өткір ақын» кітап көрмесі өтті. Сөреден «Жыл құстары», «Бақыт», «Өлеңімнің әр жолы - өмірбаян», «Елге деген махаббат», «Арман гүлі» кітаптары көрініс тауып, жас оқырмандарға таныстырылды.
Ұқсас жаңалықтар
Ешбір өлең, кітап та жеткізе алмас, Ана менен баланың махаббатын
- 10 маусым, 2025
Еңбегі - ерен, ерлігі - өнеге
- 5 маусым, 2025
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді