Көсемәлі Сәттібайұлының шығармашылығына негізделген әдеби байқау өтті
- author «Ақ жол»
- 11 желтоқсан, 2024
- 1.6k
Іс-шараның негізгі мақсаты – жазу-сызуға бейім жамбылдық жас талантарға қолдау білдіру, оларға қолайлы орта қалыптастыра отырып, бағыт-бағдар беру.
Байқауға 67 үміткердің шығармашылық жұмыстары қабылданды. Қазылар алқасы құрамында айтыскер ақын, облыстық «Aq jol» газетінің аға тілшісі Есет Досалы, журналист Қамар Қарасаева үміткерлердің жұмыстарымен танысып, ақтық кезеңге 21 тырнақалды шығарманы іріктеп алды.
Қазылар алқасының шешімімен Бас жүлдеге Тараз қаласы С.Нұрмағамбетов атындағы №10 орта мектептің 9 сынып оқушысы Аружан Жұмабайдың «Шаншарханның шыңдығы» шығармасы лайық деп танылды. І орынды №6 орта мектептің 8 сынып оқушысы Саяжан Жеңісбекқызы, Әсем Сәмбетбай, №44 орта мектептің 7 сынып оқушысы Асылы Сағындық, ІІ орынды № 44 орта мектептің 5 сынып оқушысы Анель, №35 орта мектептің 8 сынып оқушысы Сезім Атабаева, Амина Көркемжанқызы, ІІІ орынды Жамбыл атындағы №5 гимназиясының 6 сынып оқушысы Айару Рысқұл, №47 орта мектептің Сәуле Балтабай, №16 орта мектептің 10 сынып оқушысы Дина Маербек иеленді. Ал, қалған 9 үміткер арнайы «Алғыс хат» пен Ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




