Іс-шараға Жамбыл облысынан шыққан, өңірімізге танымал, республикалық, облыстық жыр мүшайраларында жүлделі орындарды қанжығасына байлап жүрген өрелі ақындар «Aq jol» газетінің тілшісі Арайлы Жақсылық, Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімінің жетекші-сарапшысы Назерке Оңғар, ақын Жомарт Зұлпыхар, «Сенімен Болашақ» РҚБ психологы, жас ақын Шолпан Рахымбердиева, Шу қалалық жастар ресурстық орталығы КММ "Ұйымдастыру және бақылау" бөлімінің басшысы Серік Спәнәлі, ақын Ғайникен Маралтайқызы, жас ақын Айнур Абдулмақсұт мен сол буынның ізін жалғап, жаңадан қалам тербеген жас ақын А.Қосанұлы атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы, жас ақын Толғанай Алтайқызы қатысты.
Іс- шараға арнайы келген қонақтар қазіргі қазақ поэзиясындағы жастар шығармашылығына көпшіліктің назарын аударту, өңіріміздегі жастар шығармашылығын дамытуға жол ашу жайлы әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар, поэзия марафонына арнайы Тараз қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Абзал Есіркепов келіп, жақында тұсауы кесілген «Тараздың жыр маржандары» атты Жамбылдық жас ақындардың ұжымдық кітабын кітапханаға сыйға тарту етті.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




