Жаңа 2025 жыл Жамбыл облысы үшін кітап оқу жылы деп аталғалы тұр. Осы тұста біз Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханадағы құнды қазыналар жөнінде мағлұмат бере кеткенді жөн көрдік. Өңір тұрғындарына кітапхананы заманауи, ыңғайлы форматта баршаға қолжетімді болатын ауқымды, көпфункционалды, ақпараттық интеллект-орталығы ретінде таныту – басты мақсатымыз. Кітапханамыз рухани жан дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, білімді оқырман тәрбиелеуді негізге алған. Мұнда ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін сапалы кітапханалық қызмет көрсетіледі. Талғампаз оқырмандардың тағылымды талаптарын толыққанды жауаптармен қамтамасыз ету, кітапхана қызметіндегі қолданылатын әлеуметтік технология жүйесінің әлеуметтік серіктестік, «Паблик рилейшнз», «Фандрайзинг» бағыттарындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру негізінде халыққа қызмет көрсетіледі. Бүгінде кітапхана қызметін пайдаланушылар саны 25 мыңға жетті. Ал, қорда 267847 кітап бар. Оның 90647-сі мемлекеттік тілде. Олардың басым көпшілігі қоғамдық-саяси, филология, тіл білімі ғылымдары аясындағы басылымдар және көркем әдебиет. Сонымен қатар, кітапханада 16000 ғылыми авторефераттар бар. Ғылыми авторефераттарды профессорлар, оқытушылар, магистранттар және білімгерлер пайдаланады.
Бүгінгі техника дамыған уақытта жұртшылық кітап пен газет-журнал оқудан алыстап кетпеуі үшін басылымдардың электронды нұсқаларын дайындайтын жобаларды жүзеге асырдық. «Қасиетін жоймаған құнды кітаптарды цифрландыру » жобасымен 1021 басылымның 363 данасы цифрланды. «Жамбыл облысы: адамдар, оқиғалар, фактілер» жобасымен 1974 жылдан бүгінгі күнге дейінгі 1940 мақаланың электронды нұсқалары, «Тарихы терең, еңбегі ерен өлкелік басылымдар» жобасымен 21331 газеттің электронды көшірмелері енгізілген. «Шоқан асулары» бойынша 43 басылым цифрланды. Жергілікті ақын- жазушылардан 66 автордың 162 шығармасының электронды көшірмелері кітапхананың сайтына орналастырылды.
Оқырмандарды жан-жақты интеллектуалды дамыған тұлға ретінде тәрбиелеуге бағытталған «Ел болып оқимыз», «Жазушымен бір күн», «Өлкелік туризм – кітапхана жұмысының инновациялық түрі ретінде», «Артық білім кітапта...», «Ақтарылған архив, тасқа басылған тарих», «Журналистика – төртінші билік», «Отбасы – бақыт мекені», «Кәсіп – игергендікі, жұмыс – еңбектенгендікі» атты кітапханалық жобалары іске асырылды.
Әрине, бұдан да басқа жүзеге асырылған жобалар мен алдағы жылға жоспарланған жұмыстар бар. Оның бәрі де қалың оқырманды кітап оқуға шақырып, кітапханаға тартуды көздейді. Алдағы жыл аймақта кітап оқу жылы болғандықтан, оқырмандарымыздың қатары артып, кітапханада сақталған қазыналар ел ішіне кеңінен тарайтынына сенеміз.
Жаннат ЖЕТПІСБАЕВА,
Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының кітапхананы дамыту бөлімінің меңгерушісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Жазасын өтеушілер бұқаралық спорт түрлерінен сынға түсті
- 30 желтоқсан, 2024
«Таза Қазақстан – біздің қолымызда» атты дөңгелек үстел өтті
- 27 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді