Кездесуді аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы ашып, жүргізіп отырды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейітхан Жұмашев тарихи-танымдық кітапқа кеңінен тоқталып, туындының жас ұрпаққа берер тағылымын сөз етті. Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, белгілі суретші Нұрлан Шилібаев кітаптың дизайны мен мазмұнына жоғары баға берді.
Осыдан кейін сөз алған Доқтырхан Тұрлыбек:
– Бұл – тарихи, мәдени оқиға. Жалпы, ойымыз, ниетіміз, пейіліміз түзелмей, біліміміз көтерілмей, Отанымызды сүймей біз биікке жете алмаймыз. Мен Жапон еліне іссапармен барғанымда жергілікті журналистке: «Сендер қандай жақсы халықсыңдар. Бәрің сондай мәдениеттісіңдер, бір-бірлеріңмен амандасып, күліп жүресіңдер, сыпайысыңдар. Бірақ, неге елде көп табиғи апаттар болады?» деп сұрақ қойдым. Ол: «Осыдан шамамен 300 жыл бұрын біздің халық қартайған ата-анасын тауға алып барып тастайтын болған. Тауда олар ит-құсқа жем болып, ашығып, азаптанып қайтыс болады екен. Содан ата-бабамыздың қарғысы тисе керек. Кейін арнайы заңмен бұл жағдай тоқтатылған екен», деді. Адам рухани кедей болса, мейірімсіз, қатыгез болады. Қазір біздің елде де мейірімге шөлдеген балалар, ата-аналар бар. Адамдар бір-бірін жамандыққа оңай қия салады. Туыстық қарым-қатынас нашарлап барады. Адамдар бірін- бірі іздемейді, жаны ашымайды. Мұның барлығы түптеп келгенде рухани аштықтың салдары. Туған жер әрбір адам үшін ерекше ыстық. Күйбең тірліктен шаршасақ, қиындыққа тап болып қиналсақ, туған жерге келіп бұлағынан су ішіп, аунап-қунап бір жасап қаламыз. Осындайда «Туған жеріме не сыйласам екен?!» деп толғанушы едім. Бүгін арманым орындалып, көңілім толып отыр, – деді.
Сондай-ақ, ол осы тарихи- танымдық кітаптың жарыққа шығуына көмекте скен барша жерлестеріне ризашылығын білдіріп, игі істің басы-қасында жүрген Сейітхан Шерелханұлына құрмет көрсетті.
Ақпарат с аласының үздігі Ақылжан Мамыт әріптесі Доқтырхан Тұрлыбекке денсаулығы сыр беріп жүрсе де осындай жас ұрпаққа мұра боларлықтай құнды, ғажап дүниені зор еңбекпен жинақтап, құрастырып кітап етіп дайындап шығарғаны үшін алғыс білдірді. Авторға игі тілек білдірушілердің қатары көп болды. Кездесу соңында аудан әкімінің орынбасары Асхат Базарбайұлы сөз сөйлеп, Доқтырхан Тұрлыбекті аудан әкімінің Алғыс хатымен марапаттап, қазақы дәстүрмен иығына шапан жапты.
Перизат ШЫМЫРТАЙҚЫЗЫ,
журналист.
Жуалы ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді