Таразда «Aulieata book» республикалық кітап фестивалі өтті
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, Тараз қаласында «Кітап – ұлттық құндылық» атты республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов
23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай, Тараз қаласында «Кітап – ұлттық құндылық» атты республикалық кітап фестивалі өтті, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Облыс әкімдігі ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған облыстық «Менің әлемім» атты жас суретшілер мен қолөнершілер көрмесі өтті. Көрменің мақсаты – шығармашылық арқылы ұрпақтар...
Қаламгердің арқалаған жүгі қашанда ауыр. Ол қалам тартқан тақырыбын барлық жан дүниесінен, өзінің өне бойынан өткізіп толғанады. Сондай талантты жазушының бірі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Сәуле Досжан.
Құлан өңірінен шыққан қаламгер көптеген журналистердің көзі тірі болғанда ұстазы атанған, белгілі ақын Кәріпжан Нүсіп биыл наурызда 85 жасқа толар еді. Өмірден өзі өтсе де мағынасы терең өлеңдерімен, сөз өнеріне шәкірт тәрбиелеумен артында өшпес із қалдырды. Жақында Т.Рысқұлов аудандық орталық кітап...
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл» дейді халық нақылында. Тіл білгеннің тірлігі тіктеліп, ісі ілгерілейтінін күнделікті өмірде көріп те жүрміз. Қазіргі білім беру жүйесінде шет тілдерін оқыту – оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған күрделі және шығармашылық...
1465 жылы Моғолстан мемлекетінің батысындағы Шу мен Қозыбасы жерінде Керей мен Жәнібек сұлтан Қазақ хандығының шаңырағын көтергені белгілі. Ол туралы жалғыз жазбаша дерек тек Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты шығармасында келтірілгені мәлім. Осы деректің негізінде, 2015 жылы халқымыз Қ...
Президентіміздің Жарлығымен биылғы «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында түрлі еңбек адамдары газет-журналдар мен телеарналарда көрсетіліп, олар мектептер мен түрлі оқу орындарында және кітапханаларда кездесулер өткізіліп жатқаны белгілі. Сондай кездесулердің бірі – Ғани Мұратбаев атындағы кітапхана ұ...
Әр аудандағы тарихи-өлкетану музейлерінде бірқатар бағалы жәдігерлер сақталған. Ондай құнды дүниелерге келушілердің де қызығушылығы жоғары. Соның бірі – Қаратау қаласының тұрғыны Махан Жаналиевтің 30 жыл тартқан домбырасы. Ол домбыра қазіргі таңда Талас аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақталып тұ...
Тараз қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің Мұхтар Әуезов атындағы кітапханасында «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында ағалықтан асып, абыз ақсақалдықтың асуына иек артқан белгілі ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Тараз қаласының Құрметті азаматы Қайырбек Аса...
«Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы 2019 жылдан бері «Тұлғалар алаңы» жобасының аясында көптеген зиялы қауым өкілдерін, танымал тұлғаларды университет студенттерімен қауыштырып, өзіндік рухани маңызы бар дүниелерімен сусындатып келеді.
Халықаралық балалар кітабы күнінде облыс орталығындағы Оқушылар сарайында кітап оқуға шақырған үлкен іс-шара өтті. Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы «Оқуға құштар жүректер» атты облыстық байқауын «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында ұйымдастырды. Байқау қаза...
А.Тоқпанов атындағы облыстық драма театрының репертуары тағы да бір тың дүниемен толықты. Ол ғасырлар өтінде үзілмей сақталып, әлем елдерінде үздіксіз мойындалып келе жатқан Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» спектаклі. Аталған туынды театрдың тоқсан жылдық тарихында алғаш рет сахналанып отыр.
Облыстың экологиялық таза өңірлерінің бірі – Билікөл ауылдық округі ауыл шаруашылығына қолайлы табиғи жағдайымен ерекшеленеді. Атауы көрікті, балығы мол Билікөл көлімен тікелей байланысты.
«Джентльмены удачи» фильміндегі Евгений Леоновтың Жамбыл жері туралы айтқан «Ол жақта жылы, ол жақта менің анам бар» деген мазмұндағы тіркесі бәрінің есінде болар. Бұл өткен ғасырдың орта шенінен бастап өндірістік әлеуеті кеңінен танылған облыстың сол кезде алыс- жақын шетелге таныла бастағанының дә...
Қазақ күй өнерінің маңдайына біткен күйші-композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай «Баласағұн» орталық концерт залында К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен «Ән мен күйдің әсемқоңыры – Нұрғиса» атты концерті өтті.
Қаламызда ағаштан түйін түйіп, қазақы ыдыс-аяқтарды қолдан жасап, ұлттық кәсіпті жаңғыртып жүрген шебер бар. Ол он саусағынан өнері тамған алтын қолды ағаш ұстасы –Олжас Шамшадинов. Жұбайы Зарина Шамшадинова екеуі бірлесіп отбасылық кәсіп құрған. 2016 жылы ашылған цехта бастапқыда небәрі екі адам...
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы ардагерлер ұйымы мен аналар алқасы, қала әкімдігінің қолдауымен «Әжесі бар үйдің әлемі бөлек» атты әжелер байқауы өтті.
КСРО мен Қазақстанның халық әртісі, сазгер-күйші, дирижер, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жасқа толуын елімізде кең аталып өтілуде. Оның көзі тірісінде-ақ халық арасында аңызға бергісіз нешебір қызықты әңгімелер мол болатын. Әсіресе «қазақтың вальс падишасы» а...
Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының бастамасымен және облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Ы.Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде «Кино әлемінің 10 күндігі» атты бастаманың ашылу салтанаты өтті.
М. Әуезов атындағы №33 орта мектепте «Шежіре – ұлттың тарихи жадысы» атты іс-шара өтті. Жеті атасын жатқа айтып, ата-баба аруағына Құран бағыштауды игі дәстүрге айналдырған халқымыз ықылым заманнан-ақ баласының ата-тегін, ел-жұртын танып өсуіне ерекше көңіл бөлген.
Талас ауданын үнемі ақындар елі деп естиміз. Әрине, бекер емес. Арғы жағын айтпағанда, Күләш Ахметова, Рафаэль Ниязбек, Абдрахман Асылбеков, Нарша Қашаған, Серік Томановтың қай-қайсысын алып қарасаңыз да – шын таланттар. Міне, осы шоғырға Баймаханбет Ахметұлын да қосуға болады. Ол ақындығына қоса пр...
Биыл Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына 90 жыл, қазақтан шыққан тұңғыш кәсіби режиссер Асқар Тоқпановқа 110 жыл толады. Біз әңгіме еткелі отырған Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері Нұрсифат Салықова осынау тарихы бай театрдың негі...
Аудан халқы әуелі орталық стадионда ұлттық ойындардан ұйымдастырылған жарыстарды тамашалап, жиналған көпшілік қызықты сайыстарға куә болды.
Ұлыстың ұлы күні Шу жерінде де сән-салтанатпен тойланды.
Мойынқұмдық зиялы қауым да жұртшылықты құттықтап, көпшілікке бар жақсылықты тіледі. Мұнан соң аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері театрландырылған көрініс қойып, салт- дәстүрлерге басымдық берді.
Таластықтар да Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде өткізді.
Ұлыс күні орталық алаңда өткен шараға аудан әкімі бастаған зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен құрметті меймандар қатысып, көпшілікті көктемнің жарқын мерекесімен құттықтады. Қариялар әр шаңыраққа амандық, ырыс пен ынтымақ тілеп, Наурыздың берекелі бастауларынан қуат алуға шақырды.
Ұлыстың ұлы күні шарасы «Еңбек Ерлері» аллеясына шырша отырғызумен басталды
Жуалы жеріндегі Наурыз мерекесі орталық алаңда театрландырылған көрініспен басталып, айтулы мейрамның мән-маңызын аша түсетін салт-дәстүрлер мен халықтық рәсімдер көпшіліктің назарына ұсынылды.
Ұлыстың ұлы күні Байзақ ауданында да керемет жоғары деңгейде тойланды.
Наурызнаманың «Ынтымақ» күні Қордай ауылының орталық алаңына жиналған халық мерекенің шынайы шаттығын сезінді.
Қазақ халқының тарихында елін шын жүрегімен сүйген, халқына адал қызмет еткен ұлы тұлғалар аз емес. Солардың бірі әрі бірегейі – Дінмұхамед Қонаев. Ол ел басқарған жылдары тек экономиканы ғана дамытып қойған жоқ, ұлттық рухты сақтап қалуға, ғылым мен мәдениетті өркендетуге де зор үлес қосты.
Өнер – халықтың рухани байлығы, мәдени мұрасының асыл қазынасы. Өнердің шынайы жанашырлары үшін бұл сала жай ғана кәсіп емес, жүрек қалауы, өмірлік мақсат. Осындай шабыт пен таланттың тоғысқан ерекше сәті Т.Рысқұлов ауданы, Көкдөнен ауылында өткен «Өнерім шарықтай бер, биік шыңға!» атты шығармашылық...
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен «Ұлттық киім – ұлт мақтанышы» атты челлендж «Тараз теміржол» вокзалы, «Mart» сауда орталығы, Қ.Рысқұлбеков саябағында өтті.
Қазақ халқының ою-өрнек өнері – ұлттық құндылықтардың ішіндегі ең ежелгісі. Сан ғасырлық тарихымызбен біте қайнасқан бұл өнер түрі халықтың шынайы рухани танымымен астасып жатыр.
Мәдениет, салт-дәстүр күніне орай Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен облыстық мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін орталық бірлесіп, облыс орталығындағы Қайрат Рысқұлбеков саябағында «Қазағымның қазы...
Ықылас Дүкенұлы атындағы Тараз қалалық мәдениет үйінде облыс әкімдігінің қолдауымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс туы желбіресін!» атты патриоттық әндер байқауының гала-концерті өтті. Аталған байқауды облыстық ардагерлер кеңесі ұйымдастырғаны да алдыңғы толқынның үлгісі.
Қасиетті Бурабайдың баурайында, көрікті Көкшетаудың төрінде Ұлттық құрылтай төртінші рет жалғасын тапты. Ұлттық құрылтайларда елдің өзекті мәселелері айтылып жүр. Бұл жолы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарған «Мәдениет. Өнер. Руханият» секциясында мәдениеттің ең өзекті мәселелері ай...
Ел ішінде талай талантты, тағылымды, өнерлі жандар аз емес. Ондай ерекше адамдар туралы естелік айтатындар да табылады. Сондай өнегелі ақсақалдың бірі – 1987 жылы Құмарық ауылында өмірге келген Мамырбай Шымырбаев. Ол Кеңес одағы кезінде қырық жыл бойы бақша өсірумен айналысқан. Ұзақ жыл Шал тауының...
Аналар – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербететін ұлы күш. Кешегі ер етігімен су кешкен сұрапыл майдан күндерінде болашақ аналар ерлерше қимылдап, иығына қару асынса, тылда әйелдер барлық бейнетке төзді. Сондықтан, Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Тараз қалалық ардагерлер кеңесі ұйы...
Қазақта «Өнерлі өрге жүзер» деген нақыл бар. Таланттылар тасада қалмайтыны, адамның бойындағы асыл өнер көрінбей қоймасы анық. Оң қолы он кісіге айналып кеткен шеберлер ауылдық жерлерде де жеткілікті. Міне, осындай азаматтар ауылдың сөгілген жерін бүтіндеп жүрген жанашырлар. Сондай шебердің бірі – М...
Адамның бір мұраты – өмірден сый көру, абыройға кенелу болар. Шақырған жердің төрінде отыру да – білгенге мол бақыт. Дегенмен, сол сыйлы болған жерінде, талай жақсының төрінде отырып кейбір ақсақалдарымыз да, орта буындар да бата бере алмайтын жағдайға жетті. Білдей бас құда болып отырып, бір жақсы...
Көреген халқымыз сонау ертедегі білім-ғылым дамымаған кезеңде-ақ тіршіліктің түйткілін дөп басып танығанын әрбір іс-әрекеттерінен байқаймыз. Ол уақытта бала бүгінгідей балабақшаға, мектепке бармаса да, арнайы мамандардан сабақ алмаса да, дала мектебінен дәріс алып өсті. Нәтижесінде қайсар, батыл, ер...
Облыс әкімдігі білім басқармасының «Жамбыл дарыны» аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы Жамбыл атындағы №5 мектеп- гимназиясының базасында облыстық оқушылар айтысы өтті. Бұл «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық оқушылар айтысының іріктеу кезеңі.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың жалыны еліміздің бірқатар аймағын шарпығаны белгілі. Ірі толқулар, әсіресе, Торғай мен Жетісу аймағында жиі орын алды. Жамбыл өңірінде де азаттық қозғалысының белгілері Меркі, Сарысу, Қордай жерлерінде байқалды. Мұның ішінде Меркідегі Ақкөз батыр бастаған көтеріліс...
Облыс әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы «Жамбыл облыстық айтыскер ақындар, жыршы-термешілер орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен айтыс өнерінің көрнекті өкілі, ұстаз, ақын, марқұм Серік Қалиевке арналған арнайы бұрыштың ашылу салтанаты өтті.
Биылғы жыл біздің өңір кітап оқуға белсенді бетбұрыс жасады. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы қолға алынғаны белгілі. Бұл жобаның негізгі мақсаты – өңір тұрғындарының кітапқа деген қызығушылығын арттыру, оқырман мәдениетін қалыптастыру.
Көненің салты мен ғұрпын жеткізуші – асыл қарттарымыз. Халық арасында көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол, бойында өнерлері тасыған салиқалы қариялар да баршылық. Осындай өнерпаз қарттардан құралған өнер ұжымының бірі – «Әулие-Ата» ансамблі.
Кеңес ауылы жылдан жылға жаңарып, жасарып келе жатқан үлгілі ауыл. Өткен жылдың қорытындысымен бұл елді мекен аудан бойынша «Үлгілі ауыл» атанған. Аталған ауыл алғаш болып Ұлы Жеңіске арналған іс-шараны бастап кетті. Ауыл тұрғындары ел басына күн туғанда Отан үшін от кешкен, бейбіт күнде еңбекке ара...
Кітап – сарқылмас қазына, жан байлығын арттыратын құнды құрал. Тіпті, тіршіліктің түрлі түйткілдерінен жаның жабыққанда жұбаныш таптыратын да – кітап. Биылғы жылды облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Әулиеата – кітап оқитын өңір» деп жариялады. Осы бастаманы дамытып, қазіргі әдеби үдеріске серпін беру, кі...

