Іс-шараға ақынның жары, айтыскер ақын, ҚР Мәдениет саласының үздігі Ербол Қамбатыров қатысып, әсерлі де, әдемі әзілдерімен кеш көркін қыздырды. К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның әншісі Мадина Сағынбекова ақынның «Ақ қанат көбелек, аппақ қар», «Гүл сыйлашы маған» сынды танымал әндерін орындады. Айтулы кеште Үміт Қыранқызының өлеңдері оқылып, ақынның өлеңіне жазылған «Сағындым сені, мама», «Қыздар-ай, қыздар», «Сен мені сағынбайсың ба?» сынды көпшіліктің көзайымына айналған әндер де тыңдармандармен бірге шырқалды.
Орталықтың белсенді қызмет алушысы Ш.Әшірбеков, М.Байдалиев пен орталық қызметкерлері А.Дігәр, Р.Әлжановалар ақынның туындыларын орындап, ақын шығармашылығына құрмет көрсетті.
Кеш соңында Белсенді ұзақ өмір орталығы директорының әлеуметтік жұмыстар жөніндегі орынбасары Баян Оразбекова әсерлі де, әдемі кеш сыйлаған өнер иесіне ризашылығын білдіріп, сый-сияпат көрсетті.
Салтанат ӘЛІМҚҰЛОВА,
«Белсенді ұзақ өмір» орталығының қазақ тілі нұсқаушысы.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




