Амбулаторияның аға дәрігері Айдана Мейірбекованың қолдауымен жүзеге асқан игі шара балалардың көңілінен шықты. Жақсылыққа жаны құштар, жүрегі нұрлы бүлдіршіндерді Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрына аталған мекеменің әлеуметтік қызметкерлері Ләззат Қалыбекова, Гүлфайруз Дүйсекова алып келді.
Байзақтық жас қонақтарды аталған театр қызметкерлері Жазира Дүйсембаева мен Аймен Әсетқызы қарсы алды. Бүлдіршіндер «Алладин» атты ертегіні қызыға тамашалады. Оларға актерлердің дәл көз алдарында ойнағаны, балаларға түрлі қимылмен көңіл аударғандары ерекше ұнады. Тағдырлары сынаққа толы балалар қызықты ертегіні көріп, бір сәтке көңілденіп, жүздері нұрланды.
«Апайларға рахмет. Ертегі өте қызық екен», – дейді 6 жасар Айзере Кеңесбай.
«Біз дәрігерлік амбулаториясы әлеуметтік-психологиялық қызметін атқара жүріп, балалардың барлық болмысын танып аламыз. Оларға әрқашан психологиялық, моралдық жағынан қолдау көрсетеміз. Себебі, тағдырдың теперішін көріп жатқан балалардың жазығы жоқ. Осы балаларға алдағы уақытта да ауылдың жақсы азаматтарын ұйымдастыра отырып, көмегімізді көрсете береміз», – дейді әлеуметтік қызметкер Гүлфайруз Дүйсекова.
Саламат ҚОҢЫРБАЕВА,
Бурыл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының психологы.
Байзақ ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




