
Кеш барысында Қазақстан Жазушылар одағының мүшелері, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Нұржан Қадірәлі мен республикалық «Махаббат мүшәйрасы» жыр додасының бас жүлдегері Данияр Әлімқұлдың өмір жолдары таныстырылып, шығармашылықтары насихатталды.
Аталған ақындардың жырларын Мыңатай Қыстаубайұлы атындағы орта мектептің 7-сынып оқушысы Талшын Әбдіманат және Амантай Дәулетбеков атындағы орта мектептің 8-сынып оқушылары Әбілмансұр Бүркітбай, Алина Еркінбек және Амина Серғұл жатқа оқыды. Кеш барысында осы жолдардың авторының өлеңін Ақкөл орта мектебінің оқушылары Сезім Нұрлан мен Мәрлен Жақсылық жүректерге жеткізді.
Аталған кітапхананың кітапханашылары ақын Жұлдыз Бейсектің сөзіне жазылған «Әпке» атты әнді әсерлі орындап шықты. Бұл кештің жаңалығы жас ақын, Қызыләуіт ауылының тумасы Асылхан Әліқұлов болды. Жұмыр жүрек ғашық болған күндерден, Ұйқы көрмей жан ауырған түндерден. Осы кітап соған дәлел сақтап қой, Аппағым-ау, мына жүректі шын берген, – деп жырлаған Асылхан Нұрланұлы ертеңінен үміт күттіреді.
Іс-шарада Асылханның сыныптасы, «Елім менің» республикалық патриоттық әндер байқауының бас жүлдегері Нұрым Қойгелдиев досының сөзіне жазылған «Тұран даласы» атты әнін шырқады. Таластық көркемсөз оқу шебері, мектеп оқушысы Алдияр Сәттұрсын үлкен өнерімен ерекшеленді.
Ол Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Күләш Ахметованың «Болашақ Меншік иесі: «AULIEATA-MEDIA» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ үшін» поэмасынан үзінді оқып, барша жұрттың көңілін баурады.
Іс-шарада Асылхан Әліқұловтың «Аппағым» атты кітабының тұсауын жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көсемәлі Сәттібайұлы мен ақын Данияр Әлімқұл кесіп, жас талапкерге сәттілік тіледі. Әсерлі кешті аталған кітапхана директоры Шынар Жұмабекова қорытындылап, барша қонақтарға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді