Ашық аспан астында өткен бұл кештің мақсаты – жастардың шығармашылық қабілетін арттыру, өнерге деген сүйіспеншілігін ояту, музыкалық талғамын дамыту және талантты жастарды қолдау болды. Кеш «Қарақат» мектеп студиясының жетіген ансамблінің орындауындағы әсерлі әуенмен басталды. Ұлттық нақыштағы сазды күйлермен ашылған кеш көпшіліктің көңілінен шығып, ерекше атмосфераға бөледі.
Одан кейін алаңға өңіріміздің жас өнерпаздары шығып, жанды дауыста патриоттық, лирикалық және авторлық әндерді гитара, домбыра аспаптарының сүйемелдеуімен орындады. Әсіресе, ұлттық өнер мен заманауи музыканың үндестігі кешке көркемдік әр берді. Жас домбырашылардың орындауындағы халық күйлері мен эстрадалық композициялар көрермендер тарапынан ыстық ықыласпен қабылданды.
Шара соңында облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресуртық орталығы» КММ-нің ұйымдастыру және бақылау бөлімінің басшысы, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Ринат Ақәділ кеш туралы:
«Мұндай кештер – жастардың мәдени тұрғыда дамуына ықпал етіп, олардың шығармашылығына жол ашатын маңызды бастамалар. Біз жастардың еркін ойлы, өнерге жақын болып өсуін қолдаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады», – деп өз лебізін білдірді.
Жанды дауыстағы әсерлі әндер көрермен мен орындаушылар арасындағы жылы байланысты күшейтіп, кешті шынайы эмоцияға толы, музыкалық үндестікке айналдырды. Шараға жастар, қала тұрғындары, шығармашыл ұжымдар мен қонақтар қатысты.
Аружан СҰЛТАНОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 3-курс студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




