«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

«Мамыр тоғайындағы» толғаныс

«Мамыр тоғайындағы» толғаныс
Автор
Іс- шараларды жаңа форматта өткізу бойынша облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы көш бастап тұр. Олар Ұлттық кітап күні мерекесіне орай Тараз қаласындағы «Мамыр тоғайы» демалыс саябағында «Жас қауырсын қалам иелері» атты поэтикалық батл ұйымдастырды.

Мұнда жиналған кітапханашылар мен жас ақындарға, оқырмандарға айнала жасыл талдарға толы табиғаттың аясы әр адамға әсер сыйлап, шабыт бергені анық. Іс шарада жас ақындарға төрт кезең бойынша талаптар қойылды.

Алғашқысы өздерінің ең танымал өлеңін оқу, арнайы берілген суретке қарап екі-үш шумақ өлеңді тез арада құрап үлгеру, белге байланып тұрған арқанға қарамастан сұрақтың жауабын үлкен әріптер арқылы жазып шығу, Брайль қарпінде жазылып жасырынған, поэзияға арқау болған тақырыптарды табу.

Жас ақындар төрт кезеңге де белсене қатысты. Әсіресе, белдеріне арқан байлап, жасырынған сөйлемді табу кезеңі өте қызықты өтті. Жас ақындардың байқауы арасында өзге де студенттер өнер көрсетті. Мәселен. Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің Меншік иесі: «AULIEATA-MEDIA» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ студенті Қажымұхан Сәрсенов өз кезегінде Мұхтар Шахановтың «Отырардың күйреуі» поэмасын жатқа оқып берді.

Дарын Тайбағар, Бекболат Жолдаш әдемі көрініс қойса, жас әнші Сұлтан Сейтжан әннен шашу шашты. Жыр кешін аталған кітапхана директоры Жанна Алшынбаева өңірімізге белгілі ақындармен бірге қорытындылады. «Ең үздік шығарма» аталымын М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің 4-курс студенті Аят Бәтей иеленсе, Шерхан Мұртаза атындағы халықаралық Тараз университетінің студенті Жұлдыз Нышанова «Ең үздік ой» аталымына лайық деп танылды.

Жас ақын Нұрбақыт Тұтқышбек пен Айнұр Нұрбек, Шапағат Қасымның өлеңдері де болашақтарынан үміт күттірді. Жап жасыл табиғат аясында өткен іс-шара студент жастарға үлкен көңіл күй сыйлағаны анық.

 

Есет ДОСАЛЫ

Ұқсас жаңалықтар