5 жыл реставрациядан өткен Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің ішкі есігі таныстырылды
- author «Ақ жол»
- 28 сәуір, 2025
- 1.3k
Тиісті ведомствоның мәліметінше, 2018 жылдан бері екі жыл жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижесі бойынша XIV ғасырдан сақталып келген қасиетті есік көнеріп, өңі сыр бере бастаған. Соған байланысты 2021 жылы есік қалпына келтіру лабораториясына реставрация-консервация жұмыстары үшін жіберілген болатын.

Бұл жоба барысында 3D-сканерлеу, рентгенография және нейтронды томография сияқты заманауи технологиялар қолданылды. Бес жыл бойғы қайта қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде, есік ғасырлар бойы қордаланып қалған шаң-тозаңнан, зиянкестерден тазартылды. Бұл қасиетті есіктің әлі ұзақ сақталуына сеп болып, осы уақытқа дейінгі белгісіз жазуларды да оқуға мүмкіндік беріп отыр. Реставрациялаудан өткен қабірхана есігі Түркістанға қайтарылып, «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында сирек жәдігерлер музейінің экспозициясына қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Әжелер ансамблі шын таланттың жарыққа шығатынына көз жеткізді
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




