
Облыс әкімі аудиторияны заманауи құрал-жабдықтармен жабдықтап берді. Мұнда студенттердің білім алуына, ізденуіне толық жағдай жасалған. Әуелі сөз алған Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов жазушы аудиториясының талай талантты жасқа қазыналы орын болатынын айта келіп, жақсы бастаманы қолдаған Жамбыл облысының әкімдігіне алғыс білдірді.
– Шерхан Мұртаза – XXI ғасырдың жарқын тұлғаларының бірі. Ол бар ғұмырын ұлттық мәдениет пен әдебиетті дамытуға арнап, болашақ ұрпаққа бай рухани мұра қалдырды. Өзінің адалдығы мен әділдігі үшін Шер-аға есімімен тарихта қалды. Бүгін мен Шерхан Мұртаза атындағы аудиторияның ашылғанына өте қуаныштымын, оның үлесі мен еңбегін біз ешқашан ұмытпаймыз. Ол Қазақстан журналистерінің бірнеше буынын тәрбиеледі. Жаңа аудиторияда біздің болашақ журналистерімізді шабыттандыратын ерекше шығармашылық атмосфера бар. Студенттерге және университет ұжымына үлкен табыс пен өркендеу тілеймін, – делінген Жамбыл облысы әкімі Ербол Шырақпайұлының құттықтау хатында.
Сонымен қатар Уәлихан Қалижан, Жарылқап Бейсенбайұлы бастаған қаламгерлер, ғалымдар, Парламент Сенатының, Парламент Мәжілісінің депутаттары, республикалық басылымдар мен телеарналардың басшылары да Шерхан Мұртаза туралы тебірене сөз сөйледі. Жақсы адамның есімін ұлықтаған жақсы күн алдағы уақыттарда талай жастардың білімді, парасатты тұлға болып қалыптасуына шамшырақ болсын деп тілейміз!
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді