
Жиында облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев осы ауылдан түлеп ұшқан талантты журналистің еңбектеріне ерекше тоқталды. «Байзақ ауданынан шыққан, оның ішінде Тегістіктен шыққан танымал тұлғалар аз емес. Олардың барлығын мақтан етеміз. Соның ішінде Қойшығұл Зарлиевтің орны ерекше», – дей келе кеш иесіне құрмет көрсетті.
Қазақстан Республикасы Судьялар одағының төрағасы Досжан Әмір, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев өз ойларын ортаға салып, кеш иесінің керемет қасиеттеріне тоқталды. Осынау тағылымы мол кешке белгілі сазгер Есжан Әміров, облыстық Билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркепов, «Отандастар қоры» фронт офисінің басшысы Арқабек Төлебаев, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ филиалының директоры, облыстық ардагерлер кеңесі алқасының мүшесі Қасымхан Төлендиев те қатысты.
Іс-шараны аталған ауылдық билер кеңесінің төрағасы Аманғазы Халықов жүргізіп отырды. Жиын барысында Қойшығұл Мұстафаұлының «Наурызбай батыр», «Дулат баба» атты кітаптарының тұсауын Еркінбек Солтыбаев пен Абдалы Нұралиев, Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов пен ауыл ағалары кесті. Ауыл тұрғындары атынан ат мінгізілді. Қойшығұлдың құрметіне жергілікті ақын Қасқырбай Нарбатыр арнауын оқып берді, әншілер ән шырқады. Көпшіліктің сұрауы бойынша кеш иесі қолына домбырасын алып, керемет тәрбиелік маңызы зор, өсиеті бар термені орындады.
«Әр ауыл өз түлектерінің мәртебесін көтеріп жатқаны қандай жақсы. Осынау өнер кеші біздерге ерекше ұнап, жақсы әсер сыйлады», – дейді Жамбыл облысының Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев.
Өз кезегінде кеш иесі Қойшығұл Зарлиев өзіне құрмет көрсеткен жерлестеріне және барлық қонақтарға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ.
Ұқсас жаңалықтар
Таласты алашқа танытқан қаламгер
- Бүгін, 07:20
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді