
Облыс әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Шерхан Мұртаза атындағы Руханият және тарихтану орталығы» ұйымдастырған әдеби кеш «Жалғызқара» және тарих тауқыметі» тақырыбымен «Әулиеата – кітап оқитын өңір» жобасы аясында өтті.
Орталық директоры Жасұлан Әбдіхалық жүргізген әдеби кешке Қазақстан Жазушылар одағының облыстағы өкілі, ақын Хамит Есаман, облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай, өңірдегі ақын, жазушылар мен оқырмандар қатысты.
– Романды Жалғызқара деп атауымның астарында Кемел Тоқаевтың ашаршылық кезінде бір әулеттен қалған жалғыз бала және ол қазақ әдебиетіндегі детектив жанрында танылған жалғыз қаламгер екенін танытатын мағына бар, – дейді жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы. ؘ
Жазушы Көсемәлі Сәттібайұлының бұл кітабы қазақ детективінің көрнекті өкілі Кемел Тоқаев өмірінің ашаршылық нәубетіне тап келген балалық шағы мен елге жазушы болып танылған шағында басынан кешкен тауқыметін, азаматтық ұстанымдарын суреткерлік көркем тәсілдермен шебер жеткізген.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Майтөбеде ауылдық клубтар арасында Art-тимбилдинг ұйымдастырылды
- 16 маусым, 2025
Азамат. Қаламгер. Тұлға
- 16 маусым, 2025
Ақпарат
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді